Халықаралық терминдерді қазақ тіліне бейімдеу жолдары

Авторлар

  • Г. А. Карипбаева
  • Т. К. Зайсанбаев
        66 382

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің жасалуы, қалыптасуы туралы сөз
болады. Авторлар қазақ тіліндегі халықаралық терминдердегі дыбыс тіркесімдері қазақ
тіліндегі ең басты заңдылық – үндестік заңына (сингармонизмге) қайшы келетінін, оларды дұрыс
дыбыстау және сауатты жазу қазақ мектебін бітіргендерге қиынға соғатынын ашып көрсетеді.
Оның себебі Кеңес Өкіметі кезінде халықаралық терминдерді біріздендіреміз деген желеумен
қазақ әліпбиіне қазақ тіліне тән емес дыбыс-әріптердің күштеп енгізілуінен екендігін сөз етеді.
Қазақ әліпбиіне орыс тілінің дыбыс-әріптерін күштеп ендіру нәтижесінде қазақ тіліне тән
емес дыбыс тіркесімдеріне аяқталатын терминдер пайда болды, сондықтан ондай терминдерге
әр түрлі қосымшалар жалғауда қиындық тудыруда. Мұндай қиындықтан шығудың бірден-бір
жолы қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына сай келмейтін халықаралық терминдерді қазақ
тіліне аударған жөн деп есептейтін авторлар ол үшін қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану
жолдарын кеңінен пайдалануға кеңес береді. Авторлар сөз тудырудың синтетикалық және
аналитикалық тәсілдерінің халықаралық терминдерді аударуда қалай пайдаланылып жүргеніне
тоқталады. Термин жасау тек тілдің ішкі мүмкіндігімен шектелмейтіндігін, барлық тілдерде
де халықаралық терминдер болатынын, бірақ олар әр тілдің дыбысталу заңдылықтарына
бейімделетінін сөз ете келе, авторлар халықаралық терминдерді қазақ тіліне бейімдеуде протеза,
апокопа, эпентеза т.б. құбылыстарды ескеру қажет деген тоқтамға келеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы
бастамасын қолдай отырып, авторлар латын әліпбиіне ауысуда ең басты мақсат – қазақ әліпбиін
қазақ тілінің дыбысталу заңдылығына келмейтін дыбыс-әріптерден арылту арқылы ондай
терминдерді қазақ тіліне бейімдеуге болатынын нақты мысалдармен дәлелдейді.
Түйін сөздер: халықаралық терминдер, сөз тудыру тәсілдері, синтетикалық тәсіл,
аналитикалық тәсіл, кірме сөздер, латын әліпбиі, орфографиялық норма, орфоэпиялық норма.

Жүктелулер

Как цитировать

Карипбаева, Г. А., & Зайсанбаев, Т. К. (2018). Халықаралық терминдерді қазақ тіліне бейімдеу жолдары. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 80(4), 132–141. вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/757

Шығарылым

Бөлім

Мәдениет және білім беру саласындағы әдістемелік мәселелер