Графикалық өнер (манга) ресейлік және қазақстандық тұтынушылардың мінез-құлық әрекеттерін және Жапония бейнесін қабылдауды анықтайтын жапон мәдени дипломатиясының құрамдас бөлігі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v107.i3-05Аннотация
Жапондық графикалық өнер – манга негізінен ойын-сауық көзі ретінде де, имиджді қабылдау құралы ретінде де әрекет ететін жаһандық мәдени құбылысқа айналды. Осы саладағы зерттеулердің басым көпшілігі манганы жұмсақ күш пен жаһандану дискурсы контекстінде қарастырады.Бұл зерттеу жапон мәдени өнімдерін тұтыну тұтынушыға Жапонияның имиджін қалыптастыруға, соның ішінде Қазақстан мен Ресей азаматтарының жапон мәдениетіне қызығушылық танытуына, жапон тілін үйренуіне, Жапонияға баруға ықпал ететіндігін/етпейтіндігін анықтауға бағытталады. Зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін 535 адамға онлайн түрде сауалнама жүргізілді. Деректерді сараптау үшін зерттеу авторлары респонденттердің Жапония имиджін қабылдауы, манганы қолдану/тұтынуы Жапонияға бару немесе жапон тілін уйрену ниеті арасындағы өзара байланысты орнату үшін сипаттамалық статистикалық және логистикалық регрессия талдауын қолданды.
Логистикалық модельді талдаудың қорытындысы бойынша жапон тілін үйрену ниеті, Жапонияға бару ниеті және Жапонияның позитивті имиджі туралы көзқарасы ең алдымен жапон мәдениеті туралы бұған дейінгі білетін ақпараттарына, мангаға қатысты өнімдерге жұмсалған қаржыға, оқылған манганың көлемін және оқудың жиілігінен алатын әсеріне байланысты қалыптасады. Сонымен қатар, Жапонияға бару ниеті жұмыспен қамту деңгейіне байланысты, ал, Жапонияға деген позитивті көзқарас оқырманның жынысына байланысты анықталады. Позитивті көзқарас негізінен эмоционалды аспектке негізделген, өйткені адамдар орташа есеппен Жапонияның сұлулығы мен эстетикалық сипаттамаларын оның саяси немесе экономикалық бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік нормалары мен құндылықтарынан жоғары бағалады.
Түйін сөздер: жапон өнерін тұтыну, Манга, жастар, Ресей, Қазақстан, Жапония бейнесі, Жапония мәдениеті.