Орталық Азия елдеріне қайтымды көші-қонның әсері: динамикасы мен сын-қатерлері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-01Аннотация
Адамдардың қозғалысы бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден екінші елге көші-қон деп аталатын уақытша немесе тұрақты негізде қоныстану арқылы жүреді. Бұл негізінен тарту және итермелеу факторларына негізделген. Бір жерден екінші жерге көші-қон нашар экономикалық жағдайлар, бизнес мүмкіндіктерінің аздығы, білім алу мүмкіндіктерінің аздығы және жұмыссыздық сияқты кедергілерге байланысты. Индустрияландыру мен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдер ішкі және сыртқы көші-қонды бастан өткерді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия елдері де ішкі және сыртқы көші-қон тәжірибесін бастан кешуде. Командалық экономикадан нарықтық экономикаға көшу және аймақтан Ресейге білікті жұмыс күшінің ауысуы федералды қаржыландырылатын салалардың жабылуына алып келді. Орталық Азия аймағы елдерінің әртүрлі жерлерінде орналасқан өндірістердің көпшілігі қиындықтарға тап болып, әртүрлі салаларда жергілікті халыққа кері әсерін тигізді. Кедейлік, жұмыссыздық, инфрақұрылымның деградациясы және тиісті медициналық және білім беру мекемелерінің болмауы Орталық Азиядан әлемнің әртүрлі аймақтарына және Орталық Азияға келетін көші-қонның негізгі факторлары болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде білікті жұмыс күшіне сұраныс әсерінен, жұмыс күшіне сұраныс саясаты (баратын елдер) әсерінен әлемде кері көші-қон (ерікті және мәжбүрлі) үдерісі орын алуда, сондай-ақ техноцентрлік салалардың дамуы, пандемия, табиғи апаттар және т.б. осы сияқты факторлардың барлығы Орталық Азия аймағындағы көші-қон үлгілеріне әсер етті. Осылайша, «Орталық Азия елдеріндегі қайтарымды көші-қонның әсері: динамикасы мен сын-қатерлері» мақаласы аясында Орталық Азиядағы қайтарымды көші-қонға әсер ететін әртүрлі факторларды талқылауға талпыныс жасаынды. Сонымен қатар, келесі сұрақтар қарастырылды: Орталық Азиядан Еуразияның басқа аймағына, әсіресе Ресейге сыртқы көші-қонның итермелеу және тарту факторлары қандай және Орталық Азиядағы ішкі көші-қон факторлары қандай? Орталық Азиядағы кері көші-қон динамикасы қалай өзгеруде?
Түйін сөздер: көші-қон, тарту факторы және итерелеу факторы, Орталық Азия, Еуразия, кері көші-қон.