«Жібек жолының экономикалық белдеуі» және Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүдделер тоғысуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.06Аннотация
Орталық Азия Еуразия континентінің жүрегі, әлемдегі алып держава елдердің назарындағы геосаяси аймақ. Кеңес одағы ыдырап, Орталық Азиядағы шағын мемлекеттер өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік саясаттағы көшбасшы елдердің бұл аймаққа деген қызығушылығы мен назары тіптен арта түсті. 2013 жылдан бастап аймақта Қытай елі «Жібек жолының экономикалық белдеуі» аймақтық экономикалық ынтымақтастық бастамасын көтерді. Алайда аймақта белді ықпалды саяси ел ретінде Ресейдің аймақтағы мүддесі басым орында және аталған бастаманың Ресейдің мүддесіне үйлесімді болуы туралы Ресейлік және Қытайлық зерттеулерде атап айтылды. 2015 жылдан бастап Ресей елі мен аймақтағы Қазақстан және Қырғызстан елі Еуразиялық экономикалық одақ негізінде кедендік келісімін іске асырды. Сол жылы Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және Еуразиялық экономикалық одақ ұйымы өзара ынтымақтастық орнатқандығын әлем елдеріне жария етті. Аталған екі тараптың ынтымақтастығы аймақтағы экономиканың дамуына, өнеркәсіптің дамуына өзіндік әсерін тигізетіндігі анық. Бұл мақалада Еуразиялық экономикалық одағы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы қатынастары математикалық теориямен қарастырылып, екі одақтың ортақ мүдделік байланыстылығы мен кейбір мүдделік қайшылықтар туғызатын жақтары жете зерттеледі.
Түйін сөздер: ЕЭО, Бір белдеу бір жол, Орталық Азия, Жібек жолы, Аймақтық экономикалық ынтымақтастық.