Авторларға арналған ақпарат
«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы қолжазбаларды Open Journal Systems (OJS) арқылы қабылдайды. Бұл – мақалаларды онлайн тапсыруға және рецензиялау үдерісін ұйымдастыруға арналған платформа.
Тақырыптық бағыттар және жарияланым түрлері
Қарастыруға төмендегі бағыттар бойынша түпнұсқа ғылыми мақалалар және сараптамалық (аналитикалық) шолулар қабылданады:
- халықаралық қатынастар және сыртқы саясат;
- жаһандық және өңірлік қауіпсіздік;
- халықаралық контекстегі халықаралық және ұлттық құқық;
- әлемдік саяси үдеріс;
- әлемдік экономика және өңірлік интеграция (саяси үдерістер мен халықаралық қатынастармен өзара байланыста);
- аймақтану: халықаралық үдерістер мен сыртқы саясат контексіндегі аймақтар мен макроаймақтардың өзекті мәселелері.
Қолжазба түпнұсқа болуы, бұрын жарияланбауы және басқа басылымда қаралу үстінде болмауы тиіс.
Қолжазба тілі және міндетті метадеректер
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс немесе ағылшын тілі.
Әр мақала үшін міндетті:
- авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, аффилиациясы, елі, байланыс деректері);
- хабар алмасуға жауапты авторды көрсету.
Барлық мақалалар үшін міндетті талап: негізгі мәтіннің тіліне қарамастан, мақала атауы, аннотация және түйін сөздер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады.
Ұсыныс: әр тілде аннотация кемінде 150 сөз; әр тілде 3–5 түйін сөз.
Қолжазбаны тапсыру (OJS) және ілеспе хат
Қолжазба тек OJS арқылы хат-хабар алмасуға жауапты автор тарапынан жіберіледі және мақалаға қатысты барлық метадеректер мен бірлескен авторлар толық көрсетіледі.
Ілеспе хат міндетті және төмендегілерді қамтуы тиіс:
- қолжазбаның бұрын жарияланбағанын және басқа журналдарға қатар ұсынылмағанын растау;
- жарияланым этикасын сақтау және дәйексөз/сілтеме рәсімінің дұрыстығы туралы мәлімдеме;
- мүдделер қақтығысын және қаржыландыру/қолдау көздерін ашып көрсету (қажет болған жағдайда);
- ЖИ-құралдарын қолдану туралы ақпарат (қажет болған жағдайда): құрал атауы және қолдану мақсаты (тілдік редакциялау, аударма, форматтау, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу және т.б.).
«Редакция–автор–рецензенттер» арасындағы байланыс OJS арқылы жүзеге асырылады; ерекше жағдайларда – электрондық пошта арқылы.
Тапсыру мерзімі және көлемі
- Ұсынылатын тапсыру мерзімі: жақын нөмірдің жоспарланған шығуына дейін кемінде 2 ай бұрын.
- Негізгі мәтіннің ұсынылатын көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, түйін сөздер және әдебиеттер тізімін қоспағанда): 3 000–7 000 сөз.
- Бір автордың (жеке немесе бірлескен авторлықта) мақаласы күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жарияланбайды.
Файл форматтары және рәсімдеу талаптары
Файл форматтары:
Рұқсат етілетін форматтар: .doc / .docx / .rtf.
МРНТИ коды: бірінші беттің жоғарғы оң жақ бөлігіне автор МРНТИ кодын көрсетуі тиіс. Рубрикатор: http://grnti.ru/. Қажет болған жағдайда МРНТИ кодын кітапханадан нақтылауға болады.
Техникалық рәсімдеу параметрлері:
- Қаріп: Times New Roman;
- Қаріп өлшемі: 12 (аннотация, түйін сөздер, әдебиеттер — 10; кесте мәтіні — 9–11);
- Туралау: ені бойынша (justify);
- Жоларалық интервал: бірлік (single);
- Абзацтық шегініс: 0,8 см;
- Жиектер: жоғары/төмен 2 см; сол/оң 2 см.
- Суреттер мен кестелер: мәтін ішінде нөмірленіп, атауымен бірге беріледі (мысалы: Сурет 1 – … / Figure 1 – …; Кесте 1 – … / Table 1 – …). Қайта пайдаланылған материалдар дереккөзге сілтемемен және құқық талаптарын сақтай отырып рәсімделуі тиіс.
Мақаланың ұсынылатын құрылымы
Ұсынылатын құрылым:
- кіріспе (өзектілік, мәселенің қойылымы, мақсат/міндеттер);
- әдебиеттерге шолу;
- әдіснама / материалдар мен әдістер;
- нәтижелер және талқылау;
- қорытынды;
- декларациялар/мәлімдемелер (қажет болған жағдайда);
- әдебиеттер / references.
Декларациялар мен мәлімдемелер
Қолжазбаға (әдетте әдебиеттер тізімінің алдында) енгізу ұсынылады:
- мүдделер қақтығысы (бар/жоқ);
- қаржыландыру (көзін көрсету немесе қаржыландыру болмағаны туралы мәлімдеме);
- этикалық мақұлдау/келісім — егер зерттеу адамдардың қатысуын/дербес деректерді қамтыса (сауалнама, сұхбат және т.б.);
- Data Availability — егер деректер/архивтер/корпустар/код қолданылса: қолжетімділік қалай қамтамасыз етілгені немесе неге шектелгені.
Дәйексөздер және әдебиеттер тізімі
Мәтін ішіндегі дәйексөздер мен әдебиеттер тізімі APA (7th edition) стандартына сәйкес рәсімделеді.
Әдебиеттер бөлімінің атауы негізгі мәтін тіліне сәйкес беріледі:
- «Әдебиеттер» (қазақша),
- «Литература» (орысша),
- «References» (ағылшынша).
Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар үшін қосымша түрде ағылшын тілінде “References” бөлімі міндетті; онда библиографиялық деректер латын қарпімен (транслитерация) беріледі және қажет болған жағдайда атаудың аудармасы шаршы жақшада көрсетіледі.
Негізгі мәтіні ағылшын тілінде жазылған мақалалар үшін қосымша транслитерация және қазақ/орыс тілдерінде библиография рәсімдеу талап етілмейді.
Түпнұсқалылықты тексеру
Барлық қолжазбалар мәтіндік ұқсастыққа тексеріледі. Дәйексөздер дұрыс рәсімделіп, түпнұсқалық көрсеткіші 80%-дан жоғары болған жағдайда қолжазба рецензиялауға жіберіледі.
Рецензиялау және шешімдер
Журнал екі жақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) қағидатын қолданады. Әр қолжазба кемінде екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі.
Мүмкін шешімдер: қабылдау; түзетуден кейін қабылдау; қайта рецензиялауға жіберу; қабылдамау.
ЖИ-құралдарын пайдалану
- ЖИ-ды көмекші құрал ретінде қолдануға (тілдік редакциялау, аударма, форматтау, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу) авторлар нәтижені міндетті түрде тексерген жағдайда жол беріледі. ЖИ қолданылғаны туралы ақпарат ілеспе хатта көрсетіледі.
- Генеративті ЖИ-ды деректерді қолдан жасау/бұрмалау, жалған дереккөздер/сілтемелер жасау, сондай-ақ суреттер/деректерді адастыратын манипуляциялау үшін қолдануға тыйым салынады.
DOI
Әр жарияланған мақалаға DOI беріледі (Crossref арқылы тіркеу).
Жариялау жарнасы
Жариялау жарнасы бір мақала үшін 60 000 теңге және қолжазба қабылданғаннан кейін төленеді. Төлем редакциялық шешімге әсер етпейді және рецензиялау рәсімдерін алмастырмайды. Төлемді растау (PDF немесе JPEG форматындағы түбіртек) редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.
Төлем жасауға арналған банк реквизиттері:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Индекс: 050040
Мекенжай: Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71
БИН: 990140001154
КБЕ: 16
КНП: 710
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ИИК: KZ796018861000945341 (KZT)
БИК: HSBKKZKX
KZ796018861000945341
Байланыс
Қолжазбаларды тапсыру және редакциялық рәсімдер бойынша: iriljournal@kaznu.kz
