Энергетикалық интеграцияны дамытудың болжамдық сценарийлері: мазмұны мен кезеңдері

Авторлар

  • Г. Мовкебаева
  • Ж. Бимагамбетова
  • А. Тогузбаева

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.011
        69 53

Аннотация

Өміршеңдік пен орнықты даму үшін елдердің аймақтық бірлестіктерге интеграциялауға әкелді, олардың бірі – Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолы елдері. Сыртқы факторлардың ұлттық экономикалардың дамуына әсерінің артуы олардың кері әсерін төмендетудің бірлескен жолдарын іздеуге әкелді. Бұл процестер еуразиялық кеңістіктің даму үлгісі ретінде қаралатын интеграциялық үрдістерді күшейтеді. Бірыңғай кеңістік аясында Одақ елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту қажеттілігі артып келеді. ЕАЭО кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді күшейту нәтижесінде қаржы, энергетика және тасымалдау нарығын біртіндеп біріктіру және қалыптастыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды қажет етеді, өйткені энергетикалық интеграция процесінің әлсіздігі экономикалық, техникалық және әлеуметтік артта қалушылыққа себеп болуы ықтимал. Осыған байланысты бұл мақалада мемлекеттік құрылымдардың статистикалық деректеріне, энергетиканы дамытудың нысаналы индикаторларына негізделген зерттеуді жүргізу арқылы ЕАЭО пен Жібек жолы елдері шеңберінде энергетикалық интеграцияны дамытудың болжамдық сценарийлерін айқындауды мақсат етілді. Жұмыс біріншіден, Қазақстан Республикасы үшін энергетикалық интеграцияның маңыздылығын талдау, екіншіден, Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігінің деңгейін бағалау, математикалық модельдеу және, үшінші, ЕАЭО кеңістіктегі болжамдық сценарий мен макроэкономикалық көрсеткіштерді зерттеу арқылы үш индикатор негізінде жасалды. Осы мақсатқа жету үшін салыстырмалы, сұрыптамалы, ғылыми және теориялық талдау әдістері пайдаланылды.
Түйін сөздер: Қазақстан, Евразиялық Одақ, энергетикалық интеграция, болжамды сценарийлер, нысаналы көрсеткіштер.

Жүктелулер

Как цитировать

Мовкебаева, Г., Бимагамбетова, Ж., & Тогузбаева, А. (2019). Энергетикалық интеграцияны дамытудың болжамдық сценарийлері: мазмұны мен кезеңдері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 85(1), 115–124. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.011

Шығарылым

Бөлім

Геоэкономика, логистика және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері