Бұұ және Қазақстан: ынтымақтастық тарихы жөніндегі дипломатиялық құжаттардың дерек ретіндегі рөлі
Аннотация
Мақалада халықаралық қатынастар деректерінің дамуы және дипломатиялық хат алмасудың мәселелері қарастырылады. Бұрынғы уақытта эпистолярлы мұра дипломатиялық құжаттардың жекелеген сипаттарын қарастырмады. Халықаралық қатынастардың дамуына және халықаралық жағдайдың күрделенуіне байланысты келісім шарттар және басқа да дипломатиялық құжаттармен қатар дипломатиялық құжаттардың жеке бір түрі ретінде дипломатиялық хат алмасудың маңызы артты. Дипломатиялық хат алмасудың түрлері әртүрлі және олардың тарихи дерек ретіндегі маңыздылығы жоғары. Сондықтан ҚР Президентінің мұрағатындағы БҰҰ және ҚР арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу бойынша дипломатиялық хат алмасу деректанулық зерттеу үшін тек қана эпистолярлы мұра ретінде емес, сонымен қатар маңызды құжаттар ретінде қарастырылуы қажет. Авторлар халықаралық деңгейдегі дипломатиялық қызметтің әртүрлі түрлерін сипаттайтын бірқатар құжаттарға талдау жасаған. Мұндай құжаттардың қатарында өз кезеңінде Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып енуі мен Ұйымның сыртқы саяси қызметіне белсенді қатысуына көшуге мүмкіндік берген архив құжаттары қызығушылық танытады. Мұндай үрдістер Қазақстан Республикасының БҰҰ ҚК-нің тұрақсыз мүшесіне айналуы барысында оң әсерін тигізді.
Мақалада Қазақстан Республикасы Президенті архивінің құжаттары (саяси хаттар) кең түрде қолданылып, алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Дипломатиялық хат алмасудың бір түрі ретінде берілген саяси хаттар дипломатиялық құжаттаманың ғылыми деректануының дамуына ықпал етуі тиіс.
Түйін сөздер: сыртқы саясат, дипломатия, дипломатиялық құжаттар, дипломатиялық хат алмасу.