Қытайдың экологиялық саясатындағы ішкі және жаһандық мәселелер

Авторлар

  • Л. Исова
  • А. Милан
        94 480

Аннотация

Соңғы бірнеше жылда климаттың өзгеру мәселелері Қытайдың аса танымал және ұлттық
пікір алмасуларында тақырыпқа айналды.
Парникты газдардың ауаға тасталуымен байланысты әлемнің климаттық өзгерістері жөніндегі
құжаттар мен баяндамаларда, аталмыш мәселенің тарапталуы Қытай Халық Республикасының
экономикалық дамуымен қатар көтерілуі де жиі кездеседі. Энерготасымалдаушы ірі импортер
болып саналатын ҚХР табиғи ресурстардың әлемдік қорына да ықпалы зор.
Қытайдың экономикалық дамуы және қоршаған ортаның деградациясы, басқа елдер
тұрғындарына да ықпал етуде. Трансшекаралық және жаһандық экологиялық мәселелерді шешу
үшін бірлескен халықаралық ақуал талап етіледі. Қазіргі уақытта Қытай қоршаған орта және
оның дамуы саласындағы негізгі халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде, халықаралық
конференциялардың белсенді дауыскеріне айналып, әлемнің көптеген елдерімен қоршаған орта
және оның дамуына арналған мәселелерде ынтымақтастық жасауда. Қазіргі уақытта көмір қышқыл
газын шығару көлемі бойынша Қытай қазіргі уақытта бірінші орынды иеленеді. Елдің интенсивті
индустриалды дамуы жағдайындағы соңғы жылдарда мемлекет техногендік қызметтік маңызды
экологиялық салдарын сезінуде. Қытайдың экономикалық және саяси жоспарларын жүзеге
асырудағы талпынысы тұрғындарының да экологиялық өмір салтының қарама-қайшылығын алып
келді. Жаңа ғасыр ауқымындағы Қытайдағы экономикалық жарылыс тұтыну дәрежесін өсіріп,
өмірдің экологиялық сапасын төмендетті. Елге табиғи ресурстардың қажеттілігі тіптен көп
сұранысқа айналып, энергия тұтыну шексіз өсуде. Осы орайда, Қытай қабылданған экологиялық
заңдар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға сәйкес келетін жаңа технологиялар саласындағы
ғылыми жобаларды да экологиялық талаптарға сай қаржыландыруды тиянақты қолға алған.
Түйін сөздер: Қытай, жаһандану, экология, қоршаған орта, климаттың өзгеруі, экосаясат,
экожүйе, тұрақты даму.

Жүктелулер

Как цитировать

Исова, Л., & Милан, А. (2018). Қытайдың экологиялық саясатындағы ішкі және жаһандық мәселелер. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 81(1), 123–131. вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/771

Шығарылым

Бөлім

Әлемдік экономиканың заманауи мәселелері