Халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің Германиядағы кейбір астарлары
Аннотация
Әлемнің қазіргі мемлекеттері мен олардың арнайы қызметтері лаңкестікпен және басқа да
экстремистік күштермен күресте айқын бір тәжірибе жинауда. Осы тұрғыдан алғанда неміс
мемлекеті мен олардың құқыққорғау органдарының қызметі назар аударуға тұрарлық. Германияда
лаңкестік қатердің пайда болғанына бірнеше ондаған жылдар өтті. Соңғы кездері Германиядағы
негізгі қатер халықаралық ислам лаңкестігі тарапынан туындауда. Исламдық арна ең алдымен
Германияға кезінде көшіп келгендер мен наным-сенімін өзгерткендерге сүйенуде. Германияның
қауіпсіздік қызметтерінің мәлімдемелері бойынша шамаланған исламдық лаңкесшілердің саны,
яғни қоғамдық қауіпсіздік үшін нақты қатер туғызатындар соңғы жылдары бірнеше есеге
өскен. 2000 жылдардың басында лаңкестік мәселесін шешудің ең басты жолы осы күреспен
айналысатын барлық мекемелердің қызметін жоғары деңгейде бір арнаға үйлестіру және алдын
ала ойластыру екендігін Германияда да түсінді. Осы мақсатта Лаңкестіктен қорғанудың ортақ
орталығы құрылған болатын. Орталық өзіндік қандай да бір мекеме болып табылмайды, тек
лаңкестік қатерінің алдын алуға бағытталған қырықтан астам әр түрлі федералдық және өңірлік
неміс мекемелерінің қызметін біріктіруге бейімделінген. Баспа беттерінде Германияда лаңкестік
топтарды қарусыздандырғандығы немесе лаңкестіктің алдын алғандығы туралы ақпараттар жиі
байқалып қалады. Еуропалық әртүрлі елдердегі соңғы кездердегі оқиғаларды қорытындылай
келе, немістің қауіпсіздік қызметтерінің бұл бағыттағы жұмыстарының деңгейі жоғары да адал
екендігін көруге болады.
Түйін сөздер: Германия, мемлекет, лаңкестік, қатер, құқыққорғау органдары, радикалды
салафиттер, қауіпсіздік, экстремизм.