Күрд мәселесі:қысқаша тарихи шолу ХХ ғ. 20-80 жж.
Кілттік сөздер:
халықаралық қатынастар, күрдтік қозғалыстар, тұрақты фактор,Аннотация
Мақала ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Күрд мәселесіне арналған.XX ғасыр 20-жылдары халықаралық қатынастар салыстырмалы түрде тұрақтанып, әлем бір сәт
тынышталған еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған аймаққа қатысты болмады. Лозанна
конференциясынан кейін қалыптасқан жағдай Таяу Шығыс халықтары мен елдеріне еркіндік,тұрақтылық және қауіпсіздікті алып келмеді. Бұл кезеңге дейін орын алған халықаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасын тауып, өршіп отырды. Оның бірі -Күрдістан болатын. Күрд халқы соғыстан кейінгі жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік соғысы кезінде, Севр келісімі уақытысында күрдтер тәуелсіздік алуға бір қадам жақын еді, бірақ төрт бөлікке бөлініп кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа кезеңде күрд мәселесі (ұлттық тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси тарихының тұрақты факторына айналды.
1980 жылдары Иракта және Иранда күрдтік қозғалыстар қиын саяси жағдайларды өткізді. Ал 1980-1988 жж. аралығындағы Иран-Ирак соғысы олар үшін қолайсыз жағдайды құрды. Соғыс әрекеті Күрдістанның территориясында да жиі-жиі орын алды. Нәтижесінде күрдтер адам және материалдық шығындарға ұшырады. Сонымен қатар екі соғысушы ел бір-біріне қарсы жақтағы күрд халқын өз мақсатына пайдалануға тырысты. Бұл Тегеран мен Бағдатқа антикүрдтік жазалаушы шара ретінде қызмет атқарды. 1990 жылдардың басында Күрдістандағы жағдай күрт қиындап кетті.Иранда Хомейннің тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін 1989 жылы күрдтің автономды қозғалысы қатал түрде басып жаншылды; олар астыртын жұмыспен және эмиграциямен функцияланатын болған. Алайда террордың қармалауыштары оларды қандай жерде қоныстанбасын қолдарын жеткізіп отырған.
Библиографиялық сілтемелер
2. Гасратян М.А. Курдское движение в новое и новейшее время. - М., 1987. - 143.
3. Аширян Ш.Ч. Национально–демократическое движение в Иранском Курдистане (1961–1968). - М., 1975. - 97 б.
4. Новейшая история стран Азии и Африки ХХ век (1945–2000). Часть III. - М., 2004. - 23 б.