Қазақстан Республикасының Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі жəне оның нəтижелері

Авторлар

  • А. О. Karymsakov
        871 40

Кілттік сөздер:

төрағалық, күн тəртібі, басымды бағыт.

Аннотация

Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) қызметіне белсенді қатысуы жəне 2011 жылы ұйымның Сыртқы істер министрлері Кеңесінде төрағалық етуі еліміз үшін маңызды оқиға болды. Бұл төрағалық ұйымның күн тəртібіндегі мəселелерге оңтайлы ықпал етуге, олардың маңыздылығын арттыруға, халықаралық қақтығыстарды реттеу жолдарын іздестіруге жəне осы бағытта сыртқы саяси бастамаларды ұсынуға мүмкіндік туғызды жəне ислам əлемінің жетекші елдерімен екіжақты қатынастардың дамуына септігін тигізді. Əрине, бұл мүмкіндіктердің барлығын бірдей қолдану мүмкін емес. Өйткені ұйымның күн тəртібінде тұрған бір ғана Палестина мəселесінің өзі жарты ғасырдан астам уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мəселе жəне ол көтерілген жағдайда да мүше мемлекеттердің көптігіне байланысты мəселеге қатысты ұстанымдардың да жақындасу нүктелері алшақтап кететіндігі белгілі. Бұл өз кезегінде ұйым қызметінің нəтижесіздігін, мəселелерді шешудегі қауқарсыздығын көрсетеді. Сондықтан төрағалық кезінде Қазақстан екіжақты жəне көпжақты байланыстарды дамытуға, əсіресе экономикалық жəне гуманитарлық бағытқа басты назар аударды. Солардың ішінде атап өтетін болсақ, Ислам даму банкі сияқты ұйымның қаржылық құрылымдарымен, арнайы институттарының ішінде сауда жəне экономикалық ынтымақтастық бойынша тұрақты Комитетімен байланыстар нығайып келеді. Бұған мысал ретінде елімізде исламдық банкингтің дамып келе жатқандығын жатқызуға болады.

Библиографиялық сілтемелер

1 Lama Sharif K.K. K predsedatel’stvu Kazakhstana v Organizatsii Islamskaya konferentsiya. – Almaty, 2010. – Р. 36.
2 Islamophobia//OIC journal Isssue 1. www.oic-oci.org/english-article/islamophobia.htm
3 Alshanov R. Kazakhstan I OIK//Kazpravda,24.12.2010
4 Mayer N. Kazakhstanskoe predsedatel’stvo v OIK//Delovoi Kazakhstan, 14.01.2011
5 Korolev A. Kazakhstan peredaet estafetu predsedatel’stva v OIS//zakon.kz, 24.11.2012. http://www.zakon.kz/4525052kazakhstan-peredaet-jestafetu.html

Жүктелулер

Как цитировать

Karymsakov А. О. (2016). Қазақстан Республикасының Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі жəне оның нəтижелері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 62(2). вилучено із https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/328

Шығарылым

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері