Геосаяси тұрақсыздық және державалардың өңірлік бәсекелестігі жағдайында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының стратегиялық тұрақтылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ113120262Аннотация
Мақала өсіп келе жатқан геосаяси тұрақсыздық пен өңірлік бәсекелестік жағдайында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) стратегиялық тұрақтылығын талдауға арналған. Тақырыптың өзектілігі Орталық Азияны Еуропамен байланыстыратын дәстүрлі маршруттарға стратегиялық балама ретінде ТХКМ-нің өсіп келе жатқан рөлімен айқындалады, бұл Қазақстанды Еуразияның өзгермелі геосаяси кеңістігіндегі негізгі транзиттік торапқа айналдырады.
Зерттеудің мақсаты сыртқы саяси факторлардың маршруттың сенімділігі мен тұрақтылығына әсерін кешенді бағалау, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін бейімделу тетіктерін анықтау болып табылады. Жұмыстың жаңалығы геосаясат, халықаралық қатынастар және көлік логистикасын біріктіретін пәнаралық тәсілде жатыр, бұл саяси тәуекелдер мен инфрақұрылымның жұмыс істеуі арасындағы байланысты тереңірек ашуға мүмкіндік береді.
Әдістеме маршруттың тұрақтылығының саяси-экономикалық детерминанттарын және негізгі актерлердің – Қытай, Ресей, ЕО, Түркия, Иран және АҚШ мүдделерін қамтитын жүйелік және салыстырмалы талдауға негізделген. Транскаспий халықаралық көлік бағыты Ресей мен Иран арқылы өтетін баламалы маршруттармен, сондай-ақ Қазақстанның институционалдық бастамалары мен инвестициялық жобаларымен салыстырылды.
Қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты кеңейту, логистикалық процестерді цифрландыру және көлік байланыстарын әртараптандыруды қоса алғанда, маршруттың стратегиялық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар тұжырымдалды.
Түйін сөздер: Транскаспий халықаралық көлік маршруты, стратегиялық орнықтылық, Орталық Азия, Қазақстан, көлік дәліздері, геосаясат.
