Қазақстан және Орта дәліз: аймақтық интеграция мен жаһандық геосаяси динамикадағы жаңа бағдарлар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ202511132
        58 33

Аннотация

 Бұл мақалада Қазақстанның көлік-логистикалық стратегиясындағы Орта дәліздің рөлі аймақтық интеграция және жаһандық геосаяси трансформациялар контексінде қарастырылады. Зерттеу барысында Орта дәліздің Еуразиядағы транзиттік архитектураны қайта құрудағы орны, сондай-ақ оның Қазақстан үшін экономикалық әртараптандыру мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі стратегиялық мәні талданады. Неолибералдық институционализм, жаңа экономикалық география және әлемдік жүйелер теориясы тұрғысынан дәліздің тиімділігі халықаралық ынтымақтастық деңгейімен, көлік шығындарының азаюымен және «ядро-жартылай периферия-периферия» динамикасындағы Қазақстанның рөлінің өзгеруімен түсіндіріледі. Эмпирикалық деректер мен халықаралық ұйымдардың ресми есептеріне сүйене отырып, мақала Орта дәліздің Қазақстанды тек транзиттік ел емес, аймақтық «gateway state» ретінде қалыптастыру мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен қатар институционалдық үйлестіру, кедендік рәсімдерді жеңілдету және цифрлық логистика элементтерін енгізу Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін негізгі факторлар ретінде айқындалады. Зерттеу нәтижелері Орта дәліздің Қазақстан үшін жаңа геоэкономикалық бағдар ғана емес, жаһандық геосаяси процестерде белсенді ойыншыға айналудың құралы екенін дәлелдейді. Зерттеу барысында сапалық (qualitative) және (quantitative) сандық әдістерді үйлестіре отырып, аралас «mixed methods» әдісі, салыстырмалы талдау, контент талдау, кейс стади әдістері қолданылды.

 

Түйін сөздер: Орта дәліз, Қазақстан, транзиттік архитектура, көлік-логистикалық стратегия, экономикалық дәліз.

Авторлардың биографисы

С.Т. Джакубаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Джакубаева Салтанат Толеуовна – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: jakubayeva.s@gmail.com).

Д.К. Жекенов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

 Жекенов Думан Курмангазиевич – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Алматы, Қазақстан, e-mail: duman. zhekenov@gmail.com).

А.Е. Мухаметжан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мухаметжан Ақбота Ерлікқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: mukhametzhan.akbota@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Джакубаева, С. ., Жекенов, Д., & Мухаметжан, А. (2025). Қазақстан және Орта дәліз: аймақтық интеграция мен жаһандық геосаяси динамикадағы жаңа бағдарлар. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 111(3), 17–28. https://doi.org/10.26577/IRILJ202511132

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері