Қытайдың Қазақстанға қатысты гидросаясаты: Іле және Ертіс трансшекаралық өзен бассейндерінің рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v107.i3-04
        42 32

Аннотация

Қытайдың Орталық Азиядағы Іле мен Ертіс трансшекаралық өзендеріне, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Брахмапутра мен Меконгқа қатысты жүргізіп отырған гидросаясаты Қытай өзендердің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекет болып, бұл халықаралық су құқығының рөлін қаншалықты төмендететінін айқын көрсетеді (Zeitun және Warner, 2005). Қытай барлық трансшекаралық өзендерге үстем бақылау орнатқан ел бола отырып, өз өнеркәсібін дамыту үшін қажет деп есептегенше жоғарғы ағысы ҚХР аумағында орналасқан Іле мен Ертістің су ресурстарын пайдаланады. Қазақстанның экономикасына зиянын тигізетін. Шыңжаң аймағындағы мұнай-газ кен орындарын, сондай-ақ мақта өндірісін игеру мақсатында көршіміздің бұл бассейндерден су алу үрдісі жыл сайын артып келеді. Соңғы жылдары вегетациялық кезеңде Іле өзенінің ағысы күрт азайып, ол ең алдымен экология мен су энергетикасы үшін үлкен проблемаларға толы. Негізі Қытай әлемдегі БҰҰ-ның 1997 жылғы халықаралық су ағындарын навигациялық емес пайдалану туралы конвенциясына қарсы дауыс берген елдің бірі. Нәтижесінде Қытайдың дүние жүзінде теңдесі жоқ мега бөгеттерді салу жоспары, трансшекаралық өзендердің суын бұру жобалары елдер арасындағы шиеленістің көзіне айналып, көршілес Меконг елдері, Үндістан, оның ішінде Қазақстан арасындағы қақтығыс әлеуеті. Осыған байланысты мақалада Қытайдың «гидрогегемония» теориясының призмасы арқылы трансшекаралық су ресурстарын басқаруға деген көзқарасы оның гидросаясатын толығырақ түсіну үшін талданады.

 

Түйін сөздер: трансшекаралық өзендер, Қазақстан мен Қытай, су қауіпсіздігі, су саясаты, гидрогегемония

 

Авторлардың биографисы

А. Медеу, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Медеу Әйгерім (корреспондент автор) - 2 курс докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан, Алматы қ., E-mail: aygerim.medeu@mail.ru)

М.Ш. Губайдуллина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Губайдуллина Мара Шаукатовна - тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Германдық зерттеулер орталығының директоры (Қазақстан, Алматы қ., E-mail: maragu@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Медеу A., & Губайдуллина M. . (2024). Қытайдың Қазақстанға қатысты гидросаясаты: Іле және Ертіс трансшекаралық өзен бассейндерінің рөлі. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 107(3), 52–60. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v107.i3-04

Шығарылым

Бөлім

Аймақтанудың өзекті мәселелері: тұрақты даму