Халықаралық тәжірибені және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құрылымына корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеу моделін енгізу жолын талдау.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-010
        113 73

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құрылымына корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеу моделін енгізу мәселелері мен перспективалары қарастырылады. Бірқатар шет мемлекеттердегі корпоративтік құқықтың оң халықаралық тәжірибесі талданады. Біздің мемлекетіміз өз дамуының траекториясы ретінде таңдаған жол, атап айтқанда нарықтық экономикаға негізделген жол жеткілікті серпінді болып көрінеді, бұл үнемі заңнамалық нор- маларды қайта қарауды талап етеді. Осы тұрғыда азамттық құқық мамандары тарапынан да, заң шығарушылар тарапынан да корпоративтік қатынастардың құқықтық сипатына аса көңіл бөлінетіндігі байқалуда.

Корпоративтік қатынастар талданады және сәйкесінше корпоративтік құқық объектісі ретінде реттеледі. Бұл ретте корпоративтік құқық азаматтық заңнама саласы болып табылады.

Заңды тұлғалардың қызметін реттеу сияқты құқықтық институттың тиімді жұмыс істеп тұрған ҚР АК-нен туындайтыны туралы белгілі фактіге күмән келтірілмейді, ал ұйымдық-құқықтық ны- санмен байланысты болуы мүмкін ерекшелік ҚР арнайы НҚА нормаларымен реттеуге қалады. Қазіргі уақытта орын алып отырған Қазақстанның интеграция процесі заң шығарушының алдына жаңа міндеттер қойып отырғанына назар аударылады, олардың бірі корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеуге, оның ішінде қазақстандық заңнаманы жетілдіру арқылы бірыңғай тәсілді әзірлеу болып табылады.

Өз кезегінде, нарықтық қатынастардың құрылымдық элементі болып табылатын корпоративтік құқықтық қатынастарды толыққанды құқықтық реттеу, осы бағыттағы ұлттық заңнаманы жетілдіру Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және Қазақстан Республикасының, оның ішінде шетелдік инвестор үшін тартымдылығын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл өз кезегінде қазақстандық бизнестің кеңеюіне, елге қаржы ағындарының ұлғаюына, жұмыс орындарын құруға және т.б. әсер етуі мүмкін және оң нәтиже ретінде – халықтың әл- ауқатын арттыру.

Түйін сөздер: корпоративтік қатынастар, азаматтық құқық, модель, енгізу, халықаралық тәжірибе.

Авторлардың биографисы

Л.Ф. Татаринова, Каспий Қоғамдық Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Татаринова Лола Фуркатовна (корреспондент автор) – кандидат юридических наук, ассоциированный профессор Каспийский Общественный Университет, Высшая Школа Права «Адилет» Республика (Казахстан, г. Алматы, e-mail: dove_2003@mail.ru)

Б.А. Торғаутова, Тұран Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Торгаутова Балгын Амирбековна – кандидат юридических наук, ассоциированный профессор кафедры Юриспруден- ция и международное прав Университета «Туран» (Казахстан, г.Алматы, e-mail: Bota1313@mail.ru)

А.Р. Әлімбетова, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Алимбетова Алида Робертиновна – доктор PhD, доцент кафедры «Экономика, услуги и право» Института «Пе- дагогика, бизнес и право» Алматинского гуманитарно-экономического университета, (Казахстан, г. Алматы, e-mail: alimbetova_alida@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Татаринова, Л., Торғаутова, Б. ., & Әлімбетова, А. . (2024). Халықаралық тәжірибені және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құрылымына корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеу моделін енгізу жолын талдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 106(2), 104–114. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-010