ЕАЭО мен БББЖ бірлестігін жүзеге асыруда туындап жатқан тәуекелдері мен қауіптерін талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-05
        133 85

Аннотация

Қазіргі көпполярлы әлемде аймақтық ұйымдар мен бірлестіктер қалыптасқан әлемдік тәртіпті өзгертуде. Бұл бірлестіктердің әрқайсысының геосаяси әлемдегі орны мен рөлін анықтайтын өзіндік мақсаттары мен ықпалы бар. Көріп отырғанымыздай, ЕАЭО мен БББЖ арасындағы бай- ланыс көп аймақтық байланыстың бір мысалы болып табылады. Егер БББЖ жаһандық сипатқа ие болса, бірақ экономикалық жағынан бір ел – Қытай тарапынан ілгерілетіліп, қолдау көрсетілсе; онда ЕАЭО тарихи, экономикалық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары бар аймақтық экономикалық интеграцияның үлгісі болып табылады. Қытай тілінен алынған «жұптастыру» термині параллелді, үйлестірілген даму дегенді білдіреді және дипломатиялық лексиконға осы екі елдің басшыларымен енгізілген, яғни бұл термин екі интеграциялық жобаны бір жобаға біріктіруді білдірмейді, бірақ олардың белгілі бір салаларда қалай бірге дамитынына баса назар аударады. Бұл мақалада екі жобаны біріктіру нәтижесінде бар қауіптер мен тәуекелдер, пайдалары мен перспективалары анықталған. Әдістемелік зерттеу SWOT талдауына, сондай-ақ ЕАЭО елдері мен Қытайдың ЖІӨ динамикасын, экспортын және басқа да экономикалық көрсеткіштерін салы- стырмалы талдауға негізделген. Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінің Қытаймен бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің сақталуы назар аударуды қажет ететін мәселе болып қалуда. Талдау нәтижелері бойынша қарым-қатынастың жаңа түрін құрудың артықшылықтары мен қиындықтары туралы қорытынды жасалады.

Түйін сөздер: ЕАЭО, БББЖ, Ресей, Қытай, Үлкен Еуразиялық әріптестік, Орталық Азия.

Авторлардың биографисы

С.М. Нурдавлетова, Астана Халықаралық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Нурдавлетова Сания Моряковна (корреспондент автор) – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Астана Халықаралық университетінің «Халықаралық зерттеулер орталығының» директоры (Қазақстан, Астана қ., e-mail: saniyanm83@mail.ru);

С. Аспандияр, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Аспандияр Саида – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің 3 курс докторанты (Қазақстан, Астана қ., е-mail: saidaiksanova@gmail.com);

К.А. Абдрахманов, Астана Халықаралық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Абдрахманов Қайрат Амангелдіұлы – Астана Халықаралық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және студенттер ісі жөніндегі вице-президенті (Қазақстан, Астана қ., e-mail: kairat.amangeldyuly@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Нурдавлетова S. ., Аспандияр S., & Абдрахманов K. . (2024). ЕАЭО мен БББЖ бірлестігін жүзеге асыруда туындап жатқан тәуекелдері мен қауіптерін талдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 106(2), 51–61. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-05