Еуразиялық аймақтанудағы Қазақстан: мәселені тұжырымдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-04
        109 98

Аннотация

Бұл мақала Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақты қоса алғанда, негізінен посткеңестік кеңістікпен байланысатын еуразиялық аймақтану туралы дәстүрлі түсініктен асып түсу мүмкіндіктері туралы маңызды мәселені көтереді. Мақала авторлары “еуразиялық аймақтану” анықтамасын кеңейту туралы сұрақ қояды және кең континенттік контекст шеңберінде Қазақстанның еуразиялық аймақтану процеске қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктерді бағалайды. Еуразиялық аймақтануға жаңа перспективадан көзқарас Қазақстанды посткеңестік кеңістіктің қатысушысы ретінде ғана емес, континенттік деңгейдегі негізгі ойыншы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. Мақала Қазақстанның геосаяси орналасуы мен экономикалық әлеуетін ескере отырып, еуразиялық аймақтану контекстіндегі мүмкіндіктері туралы; өңірдегі жаһандық үрдістер мен рөлдермен салыстырғанда Қазақстанның ЕАЭО және ШЫҰ сияқты өңірлік бастамаларға қатысуын шектеу туралы мәселені көтереді. Мақалада Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері үшін геосаяси жағдайдағы өзгерістер жағдайында тәуелсіздікті сақтау ретінде жаңа сын-қатер; Қазақстан үшін халықаралық ынтымақтастық пен интеграцияның оның сыртқы саясаты мен экономикалық дамуындағы стратегиялық элемент ретіндегі рөлі қарастырылады. Көпвекторлы тәсіл жағдайында Қазақстан үшін сыртқы байла- ныстар мен стратегиялық әріптестіктің әртүрлілігінің қажеттілігі атап өтіледі. Мақала сондай-ақ Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсенді қатысуының маңыздылығын және оның әлемдік өндірістік тізбектер мен инфрақұрылымдық жобалардағы экономиканы нығайту және елдің әлемдік қоғамдастықтағы мәртебесін арттыру үшін рөлін көрсетеді.

Түйін сөздер: Қазақстан, көпвекторлы сыртқы саясат, еуразиялық аймақтану, ЕАЭО.

Авторлардың биографисы

К.К. Усерова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Усерова Карлыгаш Кайратовна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (Қазақстан, Алматы, e-mail: k.usserova@gmail.com);

Ф.А. Кыдырбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кыдырбек Фарангис Алматбекқызы (корреспондент автор)- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (Қазақстан, Алматы, e-mail: kydyrbekf@gmail.com);

Ф.Т. Кукеева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кукеева Фатима Тураровна – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Қазақстан, Алматы, e-mail: fturar@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Усерова K., Кыдырбек F., & Кукеева F. (2024). Еуразиялық аймақтанудағы Қазақстан: мәселені тұжырымдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 106(2), 40–50. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-04