Климаттық көші-қон мәселесін тұжырымдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.04Аннотация
Климаттың өзгеруі адам өмірінің әртүрлі аспектілеріне кері әсерін тигізуде. Климаттың өзгеруінің кері әсерінен қоршаған ортаның нашарлауы бүкіл әлем бойынша халықтың ішкі және сыртқы қозғалысына алып келді. Қоныс аударушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті және климаттың өзгеруі проблемаы қауіп-қатерді күшейтіп, қалыптасқан жағдайды нашарлатуда.
Мақалада «климаттық көші-қон» анықтамасын нақтылауға талпыныстар жасалынған. «Климаттық көші-қон» ұғымының түсініксіздігі мәслені әр түрлі тұжырымдайтын және әртүрлі шешімдерді анықтайтын бірқатар дискурстарды жасауға мүмкіндік береді. Климаттың өзеруіне байланысты көші-қон күрделі мәселесі болып табылады, оның айқын әрі қарапайым шешімі жоқ.
Мақалада климаттың өзгеруі мен адамдардың көші-қонының салдары арасындағы байланыс қарастырылады. Климаттық көші-қонға әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Климаттық көші-қон мен оның елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері арасындағы байланысқа ерекше назар аударылады.
Зерттеу деректері климаттың өзгеруі көші-қонға жанама әсер етуі мүмкін екенін көрсетті, атап айтқанда экономикалық қозғаушы күштер арқылы, мысалы, күнкөрістің өзгеруі арқылы және саяси қозғаушы күштер, мысалы, ресурстарға қатысты қақтығыстар арқылы. Көші-қонды жеңілдететін немесе нашарлататын негізгі факторларды түсіну және осы әсерлерді белсенді және адамгершілікпен басқаруға мүмкіндік беретін стратегияларды әзірлеу және оларды әлем аймақтарының экономикалық және саяси тұрақсыздығына әкелуі мүмкін кез келген факторлар контекстінде жан-жақты қарастыру міндеті қойылады.
Түйін сөздер: көші-қон, халықтың қозғалысы, климаттық көші-қон, экологиялық көші-қон, климаттық ұтқырлық, тұжырымдау.