Еуразиялық көші-қон жүйесіндегі Қазақстан: 2020 жылдардың басындағы негізгі трендтер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-02
        208 103

Аннотация

COVID-19 таралуына байланысты іс жүзінде барлық жерде қолданылған карантиндік шаралар, содан кейін Ресей мен Украинаның 2022 жылдың ақпанында әскери кезеңге өтуі және соған байланысты оқиғалар (Ресейге ауқымды санкциялардың салынуы және Ресейде жұмылдыру шараларының өткізілуі) Еуразиялық көші-қон жүйесіндегі көші-қон ағындарына айтарлықтай әсер етті. Статистикалық деректерді талдау негізінде мақалада бұл өзгерістердің Қазақстан үшін қаншалықты жүйелі болғандығы және олар Қазақстанның Еуразиялық көші-қон жүйесіндегі орнын өзгертуге алып келу, келмеуі туралы сұрақтар қарастырылады. Мақалада трансформациялардың Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасында көрсетілген көші-қон процестерінің кемінде үш маңызды құрамдас бөлігіне, атап айтқанда: сыртқы көші-қон сальдосына; білікті жұмыскерлердің көші- қонына және білім алу мақсатындағы көші-қонға; қазақтардың Қазақстанға көшуіне әсер еткені көрсетілген. Біріншіден, тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырумен байланысты көші-қон көлемінің айтарлықтай өзгеруі орын алуда. 2023 жылы Қазақстанда 2012 жылдан бері алғаш рет осындай көші-қонның оң сальдосы тіркелді. Сонымен бірге, Ресей Қазақстаннан көші-қон үшін ең тартымды ел болып қала бергенімен, бұл бағыттағы көші-қон ағындары айтарлықтай азайды. Сонымен қатар, иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы тепе-теңдікке 2023 жылы қол жеткізілді. Екіншіден, миграция саласында мидың ағып кетуіне байланысты қарама-қайшы динамика байқалады. Бір жағынан, 2023 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар иммигранттар санының өсуі және мұндай көші-қонның профициті байқалады. Екінші жағынан, 2019-2020 оқу жылынан бастап шетелдік азаматтардың Қазақстанда оқуға деген қызығушылығының төмендеуі туралы айтуға болады. Үшіншіден, 2022 және 2023 жылдары кем дегенде екі этникалық топ өкілдерінің – Қазақтар мен Орыстардың көші – қонының өсуі тіркелді, Қазақстанға тұрақты тұруға келген Ресейліктердің саны 2014 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Алайда, бұл ретте Еуразиялық көші-қон жүйесі шеңберінде Қазақстанның орнының түбегейлі өзгеруі туралы қорытынды жасау әлі ерте деп бекітіледі.

Түйін сөздер: Еуразиялық көші-қон жүйесі, білім алу мақсатындағы көші-қон, этникалық көші-қон, Қазақстан.

Авторлардың биографисы

Р.Р. Бурнашев, Қазақ-Неміс университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Бурнашев Рустам Ренатович (корреспондент автор) – кандидат философских наук, Казахстанско-немецкий университет (Казахстан, г. Алматы, e-mail: burnaschew@dku.kz)

И.А. Черных, Қазақ-Неміс университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Черных Ирина Александровна – доктор исторических наук, профессор, Казахстанско-немецкий университет (Казахстан, г.Алматы, e-mail: chernykhi@yahoo.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Бурнашев, Р., & Черных, И. (2024). Еуразиялық көші-қон жүйесіндегі Қазақстан: 2020 жылдардың басындағы негізгі трендтер. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 106(2), 19–31. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v106.i2-02

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері: көші-қон үдерісі