Шет елдерде азаматтық бірегейлік тәжірибесін қалыптастырудың салыстырмалы талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.08
        113 80

Аннотация

Бүгінгі таңда қарқынды өзгеріп жатқан әлем мен жаһандану дәуірінде қоғамның азаматтық бірегейлігін сақтау және нығайту дамушы елдер үшін де, дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Азаматтық бірегейлік қандай болуы керек және ол нені қамтуы керек деген мәселе көп қырлы және сонымен бірге күрделі. Азаматтық сәйкестік көбінесе белсенді азаматтық контекстінде қарастырылады. Мәселеге белсенді азаматтың құзіреттілігі тұрғысынан қарасақ, азаматтық бірегейлік адамның бойындағы білім, білік, дағды негізінде қалыптасады. Белсенді тұлға азаматтық бірегейліктің мәнін де аша алады. Оны түсіну көп жағдайда белгілі бір мемлекетте жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа байланысты қалыптасатын азаматтық бірегейліктің құрамдас бөліктеріне байланысты.

Мақалада шет елдердегі азаматтық бірегейліктің қалыптасу процесіне салыстырмалы тарихи талдау жасалып, азаматтық бірегейліктің ерекшеліктерін анықтау мақсатында Шығыс пен Батыс мемлекеттерінің арасында параллельдік жүргізілген. Ұлттық демократиялық мемлекеттерде азаматтық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктеріне де ерекше назар аударылды.

Зерттеу нәтижесінде бір мемлекет азаматтарының азаматтық тұлғасын қалыптастыру басқа мемлекеттерге үлгі емес екені анықталды. Кейбір мемлекеттерге тек мәдени дәстүрлер мен менталитеттерді құрметтеу керек болса, кейбір мемлекеттер азаматтардың азаматтық белсенділігін және мемлекетке деген сенімін арттырып, ортақ мүддені көздеуі қажет. Бұл бір елдегі азаматтық бірегейліктің қалыптасу процесі екінші елге мысал бола алмайтынын көрсетеді. Мемлекет өз халқының азаматтық болмысын қалыптастырған кезде өзінің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және демографиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Түйін сөздер: азаматтық бірегейлік, ұлттық мемлекеттер, азаматтық қоғам, азаматтық ұстаным, белсенді азамат.

Авторлардың биографисы

Э.Б. Асылтаева, Тұран Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Асылтаева Эльнура Бейсенбековна - PhD, Тұран университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: e.assyltayeva@turan-edu.kz)

Ж.М. Төлен, Тұран Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы – PhD, Тұран университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: tolen.zh.kz@gmail.com)

Н.М. Жұман, Тұран Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Жұман Назым Мұратқызы (корреспондент автор) – Тұран университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистранты (Қазақстан, Алматы қ., е-mail: 22231472@turan-edu.kz)

 

Жүктелулер

Как цитировать

Асылтаева E., Төлен Z., & Жұман N. (2024). Шет елдерде азаматтық бірегейлік тәжірибесін қалыптастырудың салыстырмалы талдауы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 105(1), 79–86. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2024.v105.i1.08