Шығыс Азиядағы ағылшын тіліндегі жоғары білім беру бағдарламалары қоғамдық дипломатия құралы ретінде: Қытай мен Оңтүстік Корея мысалындағы пилоттық зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v102.i2.06Аннотация
Қоғамдық дипломатиядағы заманауи зерттеулер академиялық және студенттік өзара алмасу бағдарламаларын жіберуші және қабылдаушы елдер үшін қоғамдық дипломатия құралы ретіндегі рөлін мойындайды. Алайда, зерттеулердің басым көпшілігі негізінен ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде шетелдік студенттердің тәжірибесін қарастыруға бағытталған. Жоғары білім беруді халықаралықтандыру және халықаралық жоғары білім нарығындағы бәсекелестік ағылшын тілі негізгі тіл ретінде қолданылмайтын елдерде ағылшын тіліндегі жоғары білім беру бағдарламаларының таралуына әкелді. Бұл зерттеу жұмысы Оңтүстік Корея мен Қытайдағы ағылшын тіліндегі жоғары білім беру бағдарламаларын қоғамдық дипломатияның құралы ретіндегі рөлін зерттеу арқылы зерттеулердегі олқылықтың орнын толтыруға тырысады. Ағылшын тілді бағдарламаларды ұсынатын студенттермен және оқытушылармен/білім саласындағы басқарушы қызметкерлермен терең сұхбат жүргізу арқылы мұндай білім беру бағдарламаларының Оңтүстік Корея мен Қытайда қоғамдық дипломатия функциясын орындайтындығы туралы алдын-ала түсінік беруді мақсат етеді. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Корея Республикасындағы жағдайдың Қытайдан айырмашылығы, корей ғалымдары мен Кореяда орналасқан халықаралық ғалымдар арасындағы ынтымақтастық шектеулі екенін көрсетті. Жергілікті студенттердің шетелдік студенттермен достығы мен байланысы екі елде де әлсіз жағдайда екендігі белгілі болды. Жалпы алғанда, Корея Республикасында да, Қытайда да шетелдік студенттер өздерінің елдегі тәжірибелеріне қанағаттанды, бұл кем дегенде ішінара қабылдаушы ел туралы пікірдің жақсаруына ықпал етуі мүмкін. Зерттеу жұмысында ағылшын тіліндегі бағдарламалар таңдалған жағдайда Оңтүстік Корея мен Қытай үшін қоғамдық дипломатияның құралы болып табылады деген қорытынды жасалады. Әрі қарай жалпылау қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Түйін сөздер: Халықаралық жоғары білім, ағылшын тіліндегі жоғары білім беру бағдарламасы, қоғамдық дипломатия, қоғамдық дипломатия, халықтық дипломатия, Оңтүстік Корея, Қытай, білім беру дипломатиясы, алмасу дипломатиясы, академиялық ынтымақтастық, елдің имиджі, ұлттық брендинг