Орталық Азиядағы көршілес елдер арасындағы шекаралық шиеленістер: Ворух жағдайы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v102.i2.05
        206 165

Аннотация

Ферғана алқабында орналасқан және шекаралары екі Орталық Азия Республикасы, Қырғызстан және Тәжікстан арасында даулы деп есептелетін Ворух анклавындағы қазіргі жағдай өте күрделі болып табылады. Орталық Азиядағы көптеген басқа анклавтар сияқты, Ворух жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және осы аймаққа тән басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелермен ерекшеленеді. Соңғы бірнеше онжылдықта анклав қырғыз және тәжік күштері арасындағы шекара шиеленістерінің басты нүктесіне айналды.

Мақалада көршілес екі мемлекет арасындағы соғыс қимылдарын ынталандыратын материалдық және материалдық емес факторлар зерттелінді. Шекарадағы орын алған шиеленіс оқиғалары барысында соғысушы тараптардың белгілі бір әрекеттерін, көзқарастары мен құндылықтарын түсіну үшін этникалық және ұлттық сәйкестендіру факторлары да қарастырылды. Бішкек пен Душанбе арасындағы шекаралық оқиғаларды мемлекетаралық, үкіметаралық және кейбір жағдайларда этносаралық қақтығыстар деп сипаттауға болады. Бұл мәселені шешудің маңызды қадамдарының бірі - қатысушы тараптар арасындағы сындарлы диалог пен олардың келіссөздерге қатысуы. Бұл әр топтың мәселелерін, алаңдаушылықтары мен наразылықтарын ашық талқылау үшін нақты платформаны, сондай-ақ өзара қолайлы шешімдерді табу үшін жұмыс істеуге саяси дайындықты қажет етеді.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (грант № BR18574168).

Түйін сөздер: Орталық Азия, Қырғыз-Тәжік шекара қақтығыстары, Қырғызстан, Тәжікстан, Ворух анклавы.

Жүктелулер

Как цитировать

Baizakova, Z., Sakentay, A., & Ussen, M. (2023). Орталық Азиядағы көршілес елдер арасындағы шекаралық шиеленістер: Ворух жағдайы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 102(2), 54–60. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v102.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Аймақтанудың өзекті мәселелері