Азаматтық қоғам институттарының ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v102.i2.09Аннотация
Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам концепциясы осы мақалада заманауи көзқараспен саяси, әлеуметтік, халықаралық халықаралық деңгейде басқа да азаматтық өмірдің құндылықтары, демократиялық заңдар, биліктің бөлінуі, құқықтық оппозиция, көппартиялық жүйе, адамдардың, бірлестіктердің, топтың, саяси және әлеуметтік бостандықтар, ж.т.б сынды өте құнды да, өзекті мәселелер арқылы зерттеліп қарастырылған.
Мақала авторы азаматтық қоғам институттарының ерекшеліктерін халықаралық тәжірибе негізінде идеологиялық плюрализм, құрылымдық және психологиялық, қоғамдық-саяси тұрғыдан ғылыми түрде орынды сипаттаған.
Ғылыми-әдістемелік бөлімде автор көне заманнан бастап, бүгінгі заманмен ұштастыра отырып, еуропалық және американдық әлеуметтанушылар еңбектерінде және қазіргі постмодернизм тұрғысынан азаматтық қоғам институттарына тарихи әдістемені қолдана деректерге сүйене сипаттаған.
Бүгінгі таңда елімізде бұл проблема үрдіс ретінде әртүрлі Қазақстандық, ресейлік, батыс, шығыс ғалымдарының ғылыми еңбектерінде, мақалаларында зерттелуде. Дегенмен азаматтық қоғам идеясы туралы әртүрлі қарама-қайшы пікірлер барын ескере отырып, оның институттық ерекшеліктерін XVII-XVIII ғасырлардан бастап өзін-өзі басқаратын үкіметтік емес ұйымдар ретіндегі азаматтық қоғам түсінігі тарихи ғылыми тұрғыдан: Адам Смит, Дэвид Рикардо, Гегель, Хабермас, Т.Гоббс, Маркс, Грамши, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн, И.Бентам, Вильгельм Гумбольд, А.Мичник, Н.Боббио, Дж. Хабермас зерттеулеріне сүйене талдау өте өзекті. Бұл мәселені жаңа қырынан зерттеген зерттеулерге сүйене отырып, мақала өзіндік сыни саяси талдаулар жасады.
Азаматтық қоғамның институттық ерекшеліктерін қарастыру барысында бірлестіктер, отбасы, кооперативтер, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, өндірістік және жеке адамның өмірі ретінде адам құқықтарын қорғайтын, қоғамдық келісімді нұрландыратын бірлестік, азаматтардың мүдделерін жүзеге асыратын және бақылайтын халық егемендігі ретінде қарастырады.
Түйін сөздер: азаматтық қоғам, буржуазиялық қоғам, нарықтық қатынастар, демократиялық заңдар, биліктің бөлінуі, құқықтық оппозиция, плюрализм.