Иранның Орталық Азиядағы сыртқы саясатындағы діни-саяси фактор
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.09Аннотация
Бұл мақалада Иранның Орталық Азиядағы сыртқы саясатындағы діни фактордың рөлі көрсетілген. Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарын айқындау мақсатында осы елдің Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатының қалыптасу және даму кезеңдері талданған. Иранның сыртқы саясатының негізгі бағыты ретінде "шиит жарты ай" (Шииттік үшбұрыш) тұжырымдамасының маңыздылығы және оның Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы елдермен өзара іс-қимылда көрініс табуы зерделенді. Ресми Тегеранның аймақ елдеріне қатысты сыртқы саясатта революцияның "экспорты" идеясынан бас тартудың себептері мен оның орнына прагматикалық саясатты негізге алу себептері талданды. Иранның Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін шешу тәсілдері зерттелді. Иранның Орталық Азия үшін стратегиялық маңыздылығына баса назар аударылып, қазіргі кезеңде Иран мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың ортақ мүдделері мен бағыттары бөлінді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Иран діни риториканы қолдана отырып, Орталық Азия елдеріне қатысты саясаттың негізін құруға тырысты. Аймақ елдері зайырлы режим мен діни ренессанс арасындағы таңдау секілді қиын жағдайға тап болды деп айтуға болады. Аймақ елдерімен конфессиялық айырмашылықтарға қарамастан, Иран аймақтағы саяси ислам топтарына қолдау көрсетуге тырысқандығын айта кеткеніміз жөн.
Түйін сөздер: Иран, шиизм, Орталық Азия, діни фактор, революция экспорты, ислам.