Ғылыми еңбектердегі Қазақстан мен Қырғызстан дипломатиялық қарым-қатынасының зерттелу деңгейі
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.05Аннотация
Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттің рөлі оның тек әлем елдерімен қарым-қатынасының деңгейіне ғана емес, географиялық көршілес орналасқан мемлекеттермен қарым-қатынасына да тікелей байланысты екені байқалады. Осы себепті Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға екі елдің географиялық орналасуының жақындығы, тарихтағы терең байланысы, тілдерінің, мәдениетінің және салт-дәстүрінің ортақ тұстары сенімді негіз бола алады. Қырғызстан мемлекетімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі болып қалмақ. Көршілес мемлекетпен арадағы татулықты сақтай отырып, жылдар бойы қалыптасқан тұрақты қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.
Мақаланың мақсаты - екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың дамуынының ғылыми еңбектердегі зерттелу деңгейін қарастыру. Сонымен қатар зерттеу барысында екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарына Қазақстандық, Қырғызстандық және шетелдік зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын талдау.
Түйін сөздер: Қазақстан, Қырғызстан, екіжақты ынтымақтастық, дипломатиялық қарым-қатынас, зерттелу деңгейі