Геосаяси шиеленістердің әлемдік экономикаға және Қазақстан экономикасына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.03
        477 298

Аннотация

Мақалада геосаяси шиеленістердің әлемдік экономикаға, саудаға, соның ішінде Қазақстан экономикасына әсерін бағалауға талпыныстар жасалынған.

Геосаяси шиеленіс жаһандық экономикаға COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан тұста әсер етіп, күшті инфляциялық қысымдарға алып келді. Бұл шиеленістің салдары әлем  елдердің экономикасына үлкен әсерін тигізді. Біріншіден, шикізат тауар бағасына әсерін тигізді. Екіншіден, сауда ағыны тұрақсызданып, жеткізу тізбегі бұзылып, Кавказ, Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Балтық елдері, сондай-ақ басқа да елдер үшін ауыр салдарға ие болды. Үшіншіден, көптеген елдердің экономикасының әлсіреуі нәтижесінде қаржылық жағдай қатайды. Энергетикалық ресурстарға, тауарлар мен азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне байланысты көптеген елдерде әлемдік инфляция күшейді. 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қазанына дейін дүниежүзілік тауарлар мен қызметтердің саудасының көлемі 3,4 пайызға төмендеді, бұл жылына шамамен 1 триллион долларды құрайтын жаһандық сауда тапшылығын білдіреді. Энергия бағасы шамамен 100 пайызға қымбаттады, ал энергияға жатпайтын тауарлар бағалар орта есеппен небәрі 8 пайызға өсті. Осының салдарынан дүниежүзілік экономиканың идеологиясы, саяси жүйесі, технологиялық стандарттары, трансшекаралық төлемдер жүйесі әртүрлі және сауда және резервтік валюталары бар жеке экономикалық блоктарға бөліну қаупі тұр.

Түйін сөздер: геосаяси шиеленіс, қатерлер, қайшылықтар, экономика, сауда, Қазақстан.      

Жүктелулер

Как цитировать

Baikushikova, G. S., Utkelbay, R. Y., & Kuzembayeva, A. B. (2023). Геосаяси шиеленістердің әлемдік экономикаға және Қазақстан экономикасына әсері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 101(1), 23–30. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2023.v101.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері: елтану көзқарасы негізінде