Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастағы дипломатия және жеке тұлға (Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына орай)
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v100.i4.01Аннотация
Қазақстан Таяу Шығыс аймағындағы ең ықпалды және бай елдердің бірі Сауд Арабиясы Корольдігімен (САК) екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Ол дүниежүзіндегі көмірсутегі қорының үштен екісіне ие, орасан зор экономикалық әлеуеті, қаржылық және инвестициялық мүмкіндіктері бар және халықаралық Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы ең маңызды актор. Бұл факторлар Қазақстан Республикасының сыртқы саяси мүдделеріндегі Таяу Шығыстың рөлін арттырады. Сауд Арабиясы Корольдігі өз кезегінде Қазақстанға үлкен көңіл бөліп отыр. САК 1994 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы араб және мұсылман мемлекеті болды. Прагматизмнің үлкен үлесіне ие екіжақты қарым-қатынастар мәдениет пен білім саласын, рухани саланы, діннің рөлі мен ислам факторын да қамтып отыр. Әлемдегі халықаралық және аймақтық тұрақсыздық мемлекет басындағы жауапты тұлғаның рөлін және дипломатияның рөлін өзектендіруде. Қазіргі дипломатияның нанымды мысалдарының бірі – ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30- шы жылдарының басында Кеңес елінің Сауд Арабиясындағы тұңғыш қазақ өкілетті өкілі (елшісі) Нәзір Төреқұлов тұлғасы. Нәзір Төреқұловтың Сауд Арабиясына сапарына қатысты мұрағат құжаттарының қомақты жинағы болғанымен, бұл тақырып қазақ ғылымында әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Бұл мақаланың мақсаты – қазақ-сауд қарым-қатынасының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мысалында кейбір тарихи және заманауи оқиғаларды қарастыру.
Түйін сөздер: Қазақстан, Сауд Арабиясы, ынтымақтастық салалары, дипломатия, Нәзір Төреқұлов, ислам факторы.