Пәкістандық мигранттардың Оңтүстік Кореядағы интеграциялық тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRIJ.2022.v99.i3.03Аннотация
Берілген зерттеу жұмысы Оңтүстік Кореяда (ОК) тұратын пәкістандық мигранттардың интеграциясына қатысты маңызды факторларды анықтады. Пәкістан еңбек мигранттарының экспорты бойынша алтыншы орында орналасқан. Жалпы, көші-қонның (миграцияның) негізгі себептері - қолжетімсіз жоғары білім яғни эксперименттік қолданысқа қажетті стандартталған ғылыми жабдықтардың тапшылығы, қаржылық және саяси жағдайдың нашарлығы, сондай-ақ, өздерінің және отбасыларының өмір сүру деңгейін жақсартуға арналған тиімді экономикалық мүмкіндіктерге ие болуы.
Зерттеу барысында Оңтүстік Кореяда тұратын пәкістандық мигранттармен арнайы сұхбат жүргізілді. Зерттеу нысаны - Оңтүстік Кореяның Кванджу астанасы Чолла Намдо қаласында тұратын пәкістандық эмигранттар. Зерттеу жұмысының мақсаты – Қабылдаушы қауымдастықтармен пәкістандық мигранттардың интеграциялану дәрежесін зерттеу және кедергілерге ұшырайтын аймақтарды анықтау. Сұхбат барысында қатысушыларға Оңтүстік Кореяға көшудің негізгі мақсаты, күнделікті тұрмысы, мәдени және діни мерекелерін қалай тойлайтыны туралы сұрақтар қойылды. Қабылдаушы қауымдастықтың құрамында тыныс-тіршіліктерін қалай басқарады?
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, пәкістандық мигранттардың көпшілігі Кореяға білім алу үшін, сонымен қатар іскерлік қызмет мақсатында және отбасымен қайта қосылу үшін келгені анықталды. Кореяға келмес бұрын мигранттар кәріс тілін үйренбегендіктен, көшіп келгеннен кейін олар тілдік кедергі мен халал тағамға қол жетімсіздік — бұл нағыз мәселе екендігін түсінген. Кореяда мұсылмандық діни наным-сенімдерге сәйкес халал өнімдерді алу қиын. Сухбатқа жауап берушілердің ешқайсысы мейрамханалардағы шошқа және басқа да пісірілген ет түрлерін жемейді, өйткені халал емес. Дүкендерде халал азық-түлік жеткіліксіз болғандықтан, бекітілген халал ет алу қиынға соғады. Бұл зерттеу пәкістандық мигранттардың интеграциясы қалыпты екенін көрсетеді, алайда қабылдаушы қауымдастықпен біріктірілген сәлемдесу стилі, киіну стилі және тамақтану қалауы сияқты үш бағытта айтарлықтай өзгерістер бар. Тұрғылықты жері бойынша пәкістандық мигранттардың көпшілігі мұсылман емес елде тұрудан тартынбайды. Олар Кореяның барлық жерінде өздерін қауіпсіз сезінеді. Балаларға келетін болсақ, олардың интеграциялық деңгейі жоғары, өйткені олар кәріс достарды оңай таба алады. Балалар тілді өте тез меңгереді, кедергілерге тап болмайды, олар кәріс тілін де жақсы біледі.
Мақаланың қорытындысы Оңтүстік Корея Үкіметіне ұсыныстар беру болып табылады, бұл интеграцияны және мультикультурализмді жақсартуға көмектеседі. Корея үкіметіне көші-қон саясатын өзгерту ұсынылады, бұл халықтың дүниетанымын оңды өзгертуі тиіс. Бұл Корея мәдениетінің моно-мәдениеттен, мульти-мәдениеттілікке өтуі туралы идеяны алға тартады. Оңтүстік Корея үкіметі мигранттар үшін ғибадат ету орындарының болуы, жеуге болатын маңызды халал тағамдарының кең және жаппай таралуы, тұрақты тұруға рұқсат алу процесін жеңілдету сияқты интеграцияға байланысты кедергілерді шешуі қажет. Бұл шешімдер мигранттарды көбірек тартады, сонымен қатар интеграциялық процестерді жақсартады.
Түйін сөздер: интеграция, көп мәдениеттілік, діни мерекелер, білім беру, жабдықталған зертханалар, мигранттар