Пост-кеңестік Орталық Азиядағы территориалдық мәселелердің қалыптасу негіздері: сыни талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.05
        86 156

Аннотация

КСРО-ның саяси институт ретінде саяси жүйеден жойылғанына 2021 жылы 30 жыл толғанына орай саяси ғылымда, кеңестік билік жүйесінің бүгінгі таңдағы рөлі туралы көптеген ауқымды зерттеулер жариялануда. Орталық Азия мысалында да, арадан үш онжылдық өтсе де, кеңестік биліктің «белгісі» болып келе жатқан ауқымды бірнеше аймақтық, мемлекет аралық мәселелер бар. Соның бірі, посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасындағы территориялық толық шешімін таппаған мәселелер болып отыр. Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде трансшекаралық өзендер, электр энергиясы тасымалынан бөлек, мемлекеттер арасындағы мыңдаған шақырымнан асатын мемлекеттік шекараның демаркацияланбауы негізгі мәселе болып отыр. Әсіресе, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері арасында ортақ дау тудырып отырған «Ферғана алқабы» мәселесі. Аймақта, Қазақстан мен Түркменстан Республикалары мемлекеттік шекаралы толықтай демаркацияланған басты елдер болып отыр. Алайда, Орталық Азиядағы «Ферғана алқабы» мәселесінің толық шешім таппауы тек қана Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері үшін ғана емес, тұтас аймақ елдеріне тікелей геосаяси қауіп пен қатердің көзі болып отыр. Орталық Азия елдеріндегі аймақ ішілік шекаралық даулардың шығу тегі мен қалыптасуы ХХ ғ. 20- 30 жылдарында кеңестік басқару жүйесінің аймақтың саяси-этникалық ерекшеліктерін ескермей, тек транспорттық-логистикалық тұрғыда империялық саяси мүдде тұрғысында шекаралық бөлініс жүргізуі себеп. Мақалада, сыни әлеуметтік конструктивизм теориясы негізінде ХХІ ғасырдағы Орталық Азия аймағындағы территориялық мәселелерге талдау жасалынады.

Түйін сөздер: Орталық Азия, Ферғана алқабы, территориялық даулар, КСРО, делемилитаризациялау және демаркациялау, конструктивизм теориясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Nyshanbayev, N., & Tolen, Z. (2021). Пост-кеңестік Орталық Азиядағы территориалдық мәселелердің қалыптасу негіздері: сыни талдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 96(4), 60–68. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.05