Халықаралық қатынастар жүйесінің призмасындағы академиялық ұтқырлық: қазақстандық өлшем

Авторлар

  • A. Zhakyanovа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7775-1457
  • G. Askhat Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7638-6398

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v95.i3.02
        103 76

Аннотация

Халықаралық қатынастардағы жоғары халықаралық білім беру соңғы жылдары жұмсақ күш құралы ретінде маңызды орынға және рөлге ие болуда. Пандемиямен байланысты бүгінгі шынайылық, қашықтық режиміне жаппай көшу бізге өміріміздің көптеген салаларын тереңірек талдауға негіз беруде.

Осы мақаладағы зерттеудің мақсаты академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың сауалнамасы негізінде академиялық ұтқырлықтың халықаралық қатынастар жүйесіндегі жұмсақ күш құралы ретіндегі рөлін анықтау болып табылады.

Әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің әдіснамалық негізі жалпы теориялық әдістер, жүйелік принцип және Google form платформасының көмегімен жүргізілген сауалнама болды.

Нәтижелер мен қорытындылар: академиялық ұтқырлыққа қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді; академиялық ұтқырлықтың даму үрдістері анықталды; пандемияның дәстүрлі академиялық ұтқырлықты дамытуға әсері талданды.

Қорытынды және тәжірибелік маңыздылығы: академиялық ұтқырлықты жұмсақ күш құралы ретінде пайдалану арқылы халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық жоғары білімнің рөлі көрсетілген. Мақалада жүргізілген талдау халықаралық жоғары білім беру тақырыбы жұмсақ күшті жүзеге асырудың құралдарының бірі ретінде қазіргі ғылымда қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті. Осы зерттеудің Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясына кейбір ережелерді енгізу үшін пайдаланылу мүмкіндігі жоғары.

Түйін сөздер: жұмсақ күш, халықаралық жоғары білім беру, академиялық ұтқырлық, виртуалды академиялық ұтқырлық, Қазақстан.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhakyanovа A., & Askhat, G. (2021). Халықаралық қатынастар жүйесінің призмасындағы академиялық ұтқырлық: қазақстандық өлшем. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 95(3), 26–38. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v95.i3.02

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері