Қытайдың сыртқы саясатын АҚШ-пен геосаяси бәсекелестік призмасы арқылы секьюритилендірудің кейбір аспектілері: қатынастардың негізгі аспектілері мен динамикасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.04
        140 103

Аннотация

Бұл мақалада Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы аясында АҚШ пен Қытай арасындағы стратегиялық қатынастардың форматы мен динамикасы қарастырылады. Екі ел арасындағы қарымқатынастар қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздік жүйесінің маңызды және орталық элементіне айналды. Қытайдың жаһандық бәсекелестік жағдайға қабілетті ел ретінде геосаяси тұрғысынан өсуі АҚШ-тың стратегиялық реакциясын тудырды. Қытай, қалыптасып келе жатқан көпполярлы жүйе шеңберінде, америкалық халықаралық институттар жүйесіне балама болатын халықаралық тәртіпті қалыптастыруға тырысады. Осыған орай бәсекелес ел арасындағы саясатының күшеюі аясында АҚШ-тың жаһандық геосаяси стратегиясы Қытайдың әлемдік, гегемониялық деңгейге ауысқан аймақтық бәсекелестік жағдайға қабілетті ел ретіндегі өзгеріп отырған мәртебесін ескермеуге болмайды. Атап айтқанда, Қытайға Азия-Тынық мұхит аймағына қатысты нақты сыртқы саяси бағытты дамытуды қажет етеді. Қытайдың әскери күшінің нығаюы АҚШ пен оның аймақтық одақтастары мен серіктестерінің секьюритизацияның басты объектісіне айналды. Трамп әкімшілігі Қытайды ревизионистік күш ретінде анықтайтын Үнді-Тынық мұхиты аймағының еркін және ашық доктринасын қабылдады және сәйкесінше осы анықтамаға сүйене отырып, Америка Құрама Штаттарына ортақ стратегиялық бағыт орнатты. Реалистік жағынан қарағанда сыртқы саяси есептеулерде екі жақ бірін-бірі тепе-теңдік жағынан тежеуге тырысады. АҚШ-тың Қытайды тежегеніне қарамастан, Үнді-Тынық мұхиты стратегиясы Қытайға қарсылық танытпауда. Қытай Азия-Тынық мұхит аймағындағы стратегиялық шектеуге қарай, басқа стратегияны таңдады. Саяси реалистік ұғымның әсерінен Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар негізі серіктестіктен бәсекелестік деңгейде екі ел арасындағы заманауи стратегиялық жағдайды қарастырады.

Түйін сөздер: АҚШ, Қытай, Азия-Тынық мұхиты, теңгерімдеу, әскери қауіпсіздік, дипломатия, Үндістан, Жапония.

Жүктелулер

Как цитировать

Delovarova, L., & Yermekov, A. (2021). Қытайдың сыртқы саясатын АҚШ-пен геосаяси бәсекелестік призмасы арқылы секьюритилендірудің кейбір аспектілері: қатынастардың негізгі аспектілері мен динамикасы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 94(2), 38–55. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Аймақтық қатынастар мен аймақтық ұйымдардың өзекті мәселелері