ЕО және көпұлтты Қазақстандағы көптілділіктің нормативтік-құқықтық базасының кейбір аспектілері

Авторлар

  • M. Gubaidullina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8723-2917
  • S. Ixanova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.01
        107 94

Аннотация

ЕО мысалындағы секілді, көптілділік және этникалық әртүрлілік көптеген ұлттық құрамы және әртүрлі мәдени дәстүрлері бар кез келген географиялық аймақтың кез келген интеграциялық қалыптасуының ажырамас бөлігі болып табылады. Біртұтас аймақтардың интеграциясы, халықаралық мобильділік және халықтың көші-қоны мультимәдени қоғамды қалыптастыруға бағытталған саясатты қабылдауға алып келеді. Жаһандану процестері мен шекаралардың жойылуы ұлттық, этникалық, тілдік негіздегі қақтығыстар қаупін арттырады. Орталық Азияның көпұлтты өңірі үшін Еуропалық Одақ сияқты мультилингвистикалық ұйымның тәжірибесі біртұтас Еуропаның өңірлік бірегейлігін қалыптастыру процесінің үлгісі ретінде маңызды. ЕОның “алуан түрліліктегі бірлік” қағидаты қоғамдастықтың мәдени және этнотілділік саясатында толығымен көрініс тапқандықтан, бұл өз алдына халықтар, қауымдастықтар, этникалық топтар арасындағы қатынастарды икемді түрде реттеуге мүмкіндік береді. Көптілділік саясаты ЕОның нормативтік құжаттарында анықталған, ЕО-ның барлық азаматтары үшін ақпарат пен сот төрелігіне тікелей қол жеткізуге кепілдік береді. Ол үшін Еуропалық Одақтың барлық ресми және жұмыс тілдері белсенді қолданылады. Мұндай саясаттың өзіндік ерекшеліктері бар, олар көбінесе институционалды тәжірибеде және заң шығару саласында көрініс табады. Бұл саясат көптеген бағыттар бойынша, мысалы: мәдениет, білім беру және тіпті тұрақты даму саласындағы жалпы еуропалық саясатпен ұштасады.

Түйін сөздер: этнотілдік саясат, мультилингвистикалық, Еуропалық Одақ, мультиэтникалық және көпмәдениетті қоғам.

Жүктелулер

Как цитировать

Gubaidullina, M., & Ixanova, S. (2021). ЕО және көпұлтты Қазақстандағы көптілділіктің нормативтік-құқықтық базасының кейбір аспектілері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 93(1), 4–15. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.01

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері