COVID-19 пандемиясының зардаптарымен күрестегі инновациялық шешімдер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.09
        96 80

Аннотация

Осы мақаланың мақсаты – COVID-19 пандемиясы кезінде қолданылған инновациялық технологиялардың жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы рөлін зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында инновациялық технологияларды қолданатын цифрлық стратегиялар студенттерге пандемия әсеріне бейімделуге көмектесетіні анықталды. Бұл зерттеу денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін COVID-19-ға қарсы күреске бейімдеуге көмектесетін әр түрлі инновациялық технологияларды бөліп көрсетеді. Мақалада пандемия кезінде болған әлемдік экономикадағы технологиялық өзгеріс, сондай-ақ оның қазіргі қоғамға әсері қарастырылған. Инновациялық технологиялардан басқа, бұл мақалада пандемия кезінде Қазақстанның білім беру жүйесінде болған өзгерістер қарастырылады.

Әдеби шолу COVID-19, білім берудегі цифрлық білім, SCOPUS, Springer, Science Direct және Google Scholar-да тиісті кілт сөздерді қолданып, аралас оқытуға қатысты тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ сайттар мен блогтардың өзекті материалдары ескерілген. Қазақстанда пандемия кезінде кеңінен қолданылған маңызды технологиялардың тізімі анықталды.

Біз зерттеудің сапалы (59 респондент) және сандық (98 респондент) әдістерін қолдандық. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 2019-2020 жылғы семестрдің соңында студенттер аралас оқыту және оның мағынасы туралы білді.

Карантин кезінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының жинаған тәжірибесін сипаттау мақаланың ғылыми жаңалығы. Аралас оқытуды болашақта кеңінен қолдану керек деп санаймыз. Оқу үрдісіндегі инновациялар екі бағытты қамтиды. Біріншісі, студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты жеңілдететін виртуалды университет құру үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға қатысты. Екінші бағыт оқыту мазмұнына қатысты, онсыз ешқандай жаңалық болмайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Yerimpasheva, A., Medukhanova, L., & Tarakbayeva, R. (2020). COVID-19 пандемиясының зардаптарымен күрестегі инновациялық шешімдер. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 92(4), 89–99. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.09