Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігінің даму ерекшеліктері және проблемалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.07
        1325 371

Аннотация

Шағын және орта бизнестің дамуы нарықтық экономиканың табысты дамуының кепілі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, шағын және орта бизнестің ойдағыдай дамуы мен жұмыс істеуі үшін тиімді құқықтық базаны құру, мемлекет тарапынан тиісті құқықтық және қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету қажет.

Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторларды анықтау, шағын және орта кәсіпкерліктің сипаттамаларын, даму тенденциялары мен проблемаларын талдау, сондай-ақ әлемдік экономиканың қазіргі дағдарыс жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігі мен қаржыландырылуын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Соңғы 10 жылдағы ұлттық экономиканың әртүрлі салаларындағы шағын және орта бизнестің қызметінің динамикасы талданып, оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар, өзекті проблемалар мен қазіргі тенденциялар анықталды. Зерттеу барысында диалектиканың әр түрлі әдістері қолданылды: талдау, жалпылау, синтез, индукция, дедукция. 2010-2020 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың саны туралы статистикалық мәліметтер жинақталып, SWOT талдау әдісін қолдана отырып қорытындылар жасалды. COVID-19 пандемиясының 2020 жылы наурызда отандық экономикаға енген кезінен бастап Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына әсері қарастырылды. Зерттеу барысында шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігін төмендететін келесі негізгі проблемалар анықталды, мысалы: ғылым мен өндіріс арасындағы әлсіз байланыстар, бюрократия, әкімшілік және мемлекеттік құрылымдардың икемсіздігі, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржыландыру тетіктерінің жеткіліксіз тиімділігі. Авторлар пандемия мен қазіргі жағдайда шағын және орта бизнестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Myrzakhmetova, A., Mukhametzhan, A., & Zhakupova, S. (2020). Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігінің даму ерекшеліктері және проблемалары. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 92(4), 65–75. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.07