Халықаралық қатынастар жүйесіндегі «Орталық Азия» аймағы: концептуалдық талдау

Авторлар

  • N. Nyshanbaev «Тұран» университеті
  • Zh. Tulen «Тұран» университеті
  • Zh. Akybay «Тұран» университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.04
        613 244

Аннотация

XXI ғасырдың басында Орталық Азия өңірі қазіргі әлемнің аса маңызды геосаяси орталықтарының біріне айналды. ХХІ ғасырда халықаралық қатынастар жүйесінде аймақтардың маңыздылығының халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан артуы, «Орталық Азия» аймағының Еуразиядағы маңыздылығын арттыруда. Мақалада халықаралық қатынастар жүйесіндегі «Орталық Азия» регионы, «Пост кеңестік Азия», «Үлкен Орта Азия», «Хартланд» тұжырымдамалары негізінде талдау жасалынады. Орталық Азия өңірінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін зерттеу кезінде әртүрлі авторлардың: саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, конфликтологтардың, халықаралық заңгер-ғалымдардың және халықаралық қатынастар жүйесінің әртүрлі деңгейлерде, оның ішінде өңірлік деңгейде қалыптасуын зерттеумен айналысатын ғалымдардың бірқатар жарияланымдары қаралып, пайдаланылды. Орталық Азия елдерін зерттеуде халықаралық қатынастар жүйесінде бірнеше ғылыми дискурс бар болғандықтан, аймақтың өзіндік зерттелу жүйесін қалыптастыру аса маңызды. Халықаралық қатынастар жүйесінің күрделене түсуі әдетте аймақ елдерінің ортақ бірегейлікке ұмтылуына ықпал етті. Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық процестердің біркелке жүрмеуі аймақтағы трансұлттық мәселелердің шешілуін де баяулатуда. Мақалада, Орталық Азияны геосаяси аймақ ретінде қалыптасу рөлін бірнеше ғылыми дискурс негізінде талданады. Негізгі ғылыми әдістеме ретінде өңірдің геосаяси даму тарихына талдау жасала келе, Орталық Азия геосаяси даму тарихына талдау жасай отырып, аймақтағы әрбір қатысушының саяси рөліне талдау жасалынады. Әдебиеттерге шолу жасалу арқылы жинақталған ақпараттарды тұжырымдамалық талдау негізінде ғылыми анализ жасалып, қажетті қорытынды жасалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Nyshanbaev, N., Tulen, Z., & Akybay, Z. (2020). Халықаралық қатынастар жүйесіндегі «Орталық Азия» аймағы: концептуалдық талдау. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 92(4), 39–47. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері