Ресейдің Қара теңіз аймағындағы геосаясаты

Авторлар

  • А. Yermekbayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті http://orcid.org/0000-0002-8464-8220
  • A. Khairuldayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Zh. Medetkhanov Тұран университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.02
        153 86

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі Ресейдің сыртқы саясатындағы Қара теңіз аймағының геосаяси маңыздылығы қарастырылады. Ресейдің Мәскеу патшалығынан империяға дейінгі даму тарихы негізінен Қара теңіз және Кавказ аймағында экспансиясының күшеюімен байланысты. Дәстүрлі, Қара теңіз Ресей империясы үшін ішкі су қоймасы ретінде қарастырылды және кез келген шетелдік қатысу қауіп ретінде қабылданды. «Қырғи қабақ соғысы» кезінде Қара теңіз аймағы Солтүстік Атлантикалық Шартты Ұйыммен Кеңес Одағы үшін маңызды болмады, басты себебі бұл аймақтағы Солтүстік Атлант блогының әлсіздігімен байланысты еді. Сонымен қоса, Түркияның билігіне Р.Т. Эрдоған келгенге дейін Анкараның аталмыш аймақтағы белсенділігі де төмен болғандымен түсіндіруге болады.

Варшава Шартты Ұйымының ыдырауы және Болгария мен Румынияның қосылуы нәтижесінде қалыптасқан жаңа саяси аһуал және Украина мен Грузияның Солтүстік Атлантикалық блогына мүше болу перспективасы Ресейді қиын жағдайға қалдырды. 2008 жылғы Грузияға қарсы соғыс және 2014 жылы Қырымды аннексиялау Ресейдің аймақтағы күш тепе-теңдігін сақтауға әрекеті ретінде қарастыруға болады. Түркияның аймақтағы позициясының күшеюі Ресей саясатына Қара теңіз бен Кавказдағы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа мәселелерді туындатты.

Жүктелулер

Как цитировать

Yermekbayev А., Khairuldayeva, A., & Medetkhanov, Z. (2020). Ресейдің Қара теңіз аймағындағы геосаясаты. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 92(4), 13–21. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері