Орталық Азиядағы Жапонияның жария дипломатиясы: Өзбекстан мен Қазақстан мысалдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.01Аннотация
Бұл зерттеуде Орталық Азиядағы Жапонияның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудағы жария дипломатияның рөліне баса назар аударылады. Мәдени жанашырлық элементтерін негізге ала отырып, Жапония жария дипломатия ресурстарын белсенді пайдалану және даму мақсатындағы ресми көмек (ДРК) арқылы Орталық Азияда тартымды имидж қалыптастырады. Негізгі проблема – Жапония Орталық Азиядағы жария дипломатияны ресми көрсетілгеннен гөрі белсенді қолданатындығында.
Жапония мен Орталық Азия (ОА) арасындағы сыртқы саяси қатынастардың даму серпіні ынтымақтастықтың жалпы бағыттары мен екі елдегі жария дипломатия көріністеріне назар аудара отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның мысалдарында зерттеледі. Жұмыста сапалы зерттеу әдістері, соның ішінде құжаттар мен сұхбаттардың мазмұнын талдау қолданылады. Құжаттарда да, сұхбатқа жауаптарда да, халықаралық қатынастарға конструктивистік көзқарасқа сәйкес, Жапонияның ОА аймағында және тиісті елдерде өзін қалай анықтайтындығы және алға жылжытатындығы, сондай-ақ жария дипломатияны сәйкесінше қоғамдық күш құралы ретінде пайдалану туралы дәлелдер сұралды.
Авторлар Жапонияның Өзбекстан мен Қазақстанда, соның ішінде білім беру, аймақтағы экономикалық даму, саяси реформалар және энергетикалық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда бірнеше мүдделері бар деген қорытындыға келді. Жапонияның 2015 жылғы жаңа бастамасына сүйене отырып, Орталық Азия елдері мен Жапония өсіп келе жатқан дипломатиялық қатынастар мен серіктестік қатынастар орнатты. Талданған құжаттар Жапонияның Орталық Азияға деген қызығушылығы жоғары емес екенін көрсеткендей болғанымен, іске асырылған жобалардың болуы керісін куәландырады.