Қазақстандағы еуропалық диаспораның қалыптасуының идеологиялық мәселелері және ерекшеліктері (екінші дүние жүзілік соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі кезеңдер)
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.07Аннотация
Социалистік кезеңнен өткен елдердің халықтарын сауықтыру шаралары аясында жүзеге асырылатын саяси-идеологиялық саясат амалдары, Қазақстанның еуропалық топқа жататын тұрғындар бөлігі мен «жазаланған» халықтар депортациясы және репрессиялану мәселелерін зерттеу қажеттілігін жаңартып отыр. Кеңестер Одағында орын алған халықтар депортациялануының үдерісі, оның тарихындағы екінші соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі кезеңнің ауыр да, қиын кезеңдерінің бірі болды. Әрекет етіп отырған билік жүйесіне қатысты кеңестік қоғамның екіге бөлініп кету қаупі жағдайында, биліктің барлық амалдарға бару орын алады. Осы ұстанымда билікке қарсы ашық та, жасырын қарсы бас көтерген жекелей халықтарға қолданылған саяси амалдар қатаң сипат алады. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен жаңарған депортация шаралары кеңестік геосаясатта жаңа импульс алады. Күштеп көшірілген барлық халықтардың ішінде поляктар мен немістер ең ірі ұлттық топтар қатарын құрайды. Сібір мен Қазақстанның солтүстік облыстарына арнайы эшелондармен шапшаң көшірілген тұрғылықты 107 мекен саны деректелген. Балтық бойының оккупацияланған территорияларынан кеңес билігінің жағымсыз элементтері саналған азаматтар мен көптеген поляктар қоныс аударылды. Өткен ғасырдың 30-жылдарынан кейін Қазақстанда қоныстана бастаған финндер және карельдер, 1935–1940 жылдары Ленинград облысынан депортацияланады. Депортация саясаты себептердің ауқымды кешенімен «түсіндірілетін». Мысалы, Балтық бойы елдерінен, Украина мен Белоруссияның батыс аудандарынан, Молдавиядан, Қазақстанға соғыс жылдары депортацияланғандар, «сенімсіз» деп саналып, оларға превентивті шаралар белгіленген (конфессиялық факторлармен, құрылымдық шараларға қарсы бас көтеру, бандалық құрылымдарға қатысу, өткен саяси жүйе құрылыстарына тиесілілік) болатын.
Түйін сөздер: геосаяси депортация, диаспора, екінші дүние жүзілік соғыс, Еуропалық халықтар, тарихи жады, тарихи тағдыр.