Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы»1992 жылы негізі қаланған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын рецензияланатын ғылыми басылым.

ISSN: 1563-0285

eISSN: 2618-1215

Шығу жиілігі: жылына 4 нөмір (тоқсан сайын).

Мақсаты мен тақырыптық бағыты 

Журнал саясаттану, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және аймақтану салалары бойынша түпнұсқа ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен аналитикалық шолуларды жариялайды, соның ішінде (бірақ мұнымен шектелмей) мына бағыттарды қамтиды:

  • халықаралық қатынастар және сыртқы саясат;
  • жаһандық және өңірлік қауіпсіздік;
  • халықаралық контекстегі халықаралық және мемлекеттік құқық;
  • әлемдік саяси үдеріс;
  • әлемдік экономика және өңірлік интеграция (саяси үдерістер және халықаралық қатынастармен байланыста);
  • аймақтану: халықаралық үдерістер мен сыртқы саясат контекстіндегі аймақтар мен макроаймақтардың өзекті мәселелері.

Рецензиялау 

Барлық қолжазбалар бастапқы редакциялық іріктеуден өтеді және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен екі жақты “жасырын рецензиялау” (double-blind peer review) тәртібі бойынша қаралады. Журнал бұрын жарияланбаған, әрі басқа басылымдардаға қарастыруға берілмеген, тың материалдарды қабылдайды. Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім – ғылыми маңыздылығы, түпнұсқалығы, әдіснамалық негізділігі және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі критерийлері негізінде қабылданады.

Редакциялық саясат және жарияланым этикасы

Журнал академиялық адалдық және жарияланым этикасы қағидаттарын ұстанады және төмендегілер бойынша рәсімдерді қолданады:

  • академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзу болып табылатын – плагиат жасалынған мәтіндерді және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтарын анықтау;
  • мүдделер қақтығысын жариялау және реттеу;
  • авторлардың өтініштерін қарау (рецензиялау нәтижелері бойынша шағымдар мен апелляциялар);
  • негіз болған жағдайда жарияланымдарға түзетулер енгізу және оларды кері қайтарып алу (ретракция)

Бұлар жайында толығырақ қағидалар мен ережелерді журналдың сайтындағы «Редакциялық саясат» және «Жарияланым этикасы» бөлімдерінен табуға болады.

Ашық қолжетімділік (Open Access) және лицензиялау

Мақалалар журнал сайтында ашық қолжетімділік режимінде жарияланып, толық мәтін түрінде қолжетімді. Жарияланымдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттарымен таратылады. Материалдар журналдың тілдік саясатына сәйкес, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде –  ұсынылады.

DOI және метадеректер

Әрбір жарияланған мақалаға DOI номері беріледі; тіркеу Crossref арқылы жүзеге асырылады. Бұл – жарияланымдарды тұрақты сәйкестендіруді, дұрыс дәйексөз келтіруді және ұзақ мерзімді қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Редакциялық алқа

Редакциялық алқа құрамына жарияланымдардың ғылыми сапасын және журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігін қамтамасыз ететін отандық және шетелдің жетекші ғалымдары кіреді.

Индекстеу және тарату

Журнал төмендегі ресурстарда ұсынылған және индекстеледі:

  • Directory of Open Access Journals (DOAJ);
  • Қазақстандық дәйексөздер базасы (ҚазБЦ), «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (НЦГНТЭ);
  • elibrary.ru ғылыми электрондық кітапханасы және РИНЦ аналитикалық дерекқоры;
  • кітапханалық каталогтар, оның ішінде WorldCat (жазба/идентификатор өзекті болған жағдайда).
  • Қосымша ретінде журналдың CiteFactor платформасында анықтамалық профилі бар.

Жарияланым үшін төлем

Жариялауға қабылданған қолжазбалар үшін жарияланым төлемі белгіленген: бір мақала үшін 60 000 теңге. Төлем қолжазба жариялауға қабылданғаннан кейін алынады. Ол редакциялық шешімге  және рецензиялау үдерісіне әсер етпейді. Төлемді растайтын құжат (түбіртек – PDF немесе JPEG форматында) авторлар тарапынан редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.