Human Rights, State Sovereignty and Interference: The Basic Conception under Treaty Law System
Аннотация
Аталған жұмыста адам құқығы мәселесі мен оның Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейінгі
өзгерісі көрсетіледі. Автор адам құқықтарына заңды түрде анықтама беруге тырысады. Сондай-
ақ мақалада адам құқықтарының эволюциялық дамуы қарастырылады. Аталған құжатта
адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз ету Конституциямен және өзге де заңды құжаттармен
қамтамасыз ететіндігі баса айтылады. Осы тұстан алғанда құқықтық тұрғыдан қорғау мемлекет
тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Бұл құқықтық қорғаудың негізгі мақсаты мемлекет атынан
үкіметтің адамның ажырамас заңды құқығын пайдалану мен қорғауда араласпауын және өз
өкілеттілігін асыра пайдаланбауын қадағалау.
Автор өз зерттеуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын, Адам құқықтары туралы жалпыға
ортақ декларацияны, Адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттің еркі туралы халықаралық
дәрежедегі құжаттарды пайдалану арқылы адам құқықтарын қорғау мен қамтасыз етуде ұлттық
заңдар мен мемлекетпен расталған халықаралық құжаттардың өзара байланысын көрсетеді.
Автордың пайымдауынша, адам құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы мекемелер мен
ұйымдар адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың объективті қолданылуы мен жүйелі
жұмыс жасауына ерекше назар аударып, өзара байланыстарын нығайтуы тиіс. Адам құқықтары
туралы мүше мемлекетпен ратификацияланған халықаралық құжаттардың орындалуын арнайы
қадағалаушы органдармен бақылануы тиіс.