Аятолла Хомейнидің Ислам төңкерісін экспорттау туралы көзқарасы

Авторы

  • Б. К. Хайдаров
        42 43

Ключевые слова:

Ислам төңкерісі, адами құндылықтар, ислам діні,

Аннотация

Мақалада 1979 жылы 11 ақпанда болған Ислам төңкерісі туралы А.Хомейнидің көзқарасы туралы мәлімет беріледі.1979 жылы 11 ақпанда Иранда Ислам төңкерісінің жеңіске жетуі, Иран Ислам Республикасының орнығуы XX ғасырдағы ірі оқиғалардың қатарынан орын алатыны белгілі. Ислам төңкерісі десек жадымызға аятолла Хомейни түседі. Ол кісінің биыл 30 жылдығын атап өтіп отырған Ислам төңкерісінің алғышарттарын қалыптастыруға, исламдық мемлекеттің құрылымдарын жасақтап, Иран халқын ортақ мақсатқа жұмылдыра білуде сіңірген еңбегін тек ұшан-теңіз деп бағалауға болады. Егер ИИР талай сынақтардан сүрінбей өтіп, өзге мемлекеттер мен халықтардың назарын өзіне аударса, осы мемлекетті тануға деген құлшыныс артса, тіпті осы төңкерістің мәртебесінің өсе түсуі кейбір елдерді үрейге батырса бұл жерде аятолла Хомейнидің өзіндік орны бар.

Иран Ислам Республикасының ресми идеологиясының бір тірегі – «ислам төңкерісін
экспорттау» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама Иран Ислам Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. 1979 жылы желтоқсан айында қабылданған ИИР Конституциясының 3-бабында ИИР үкіметі мақсаттарының бірі – «ислам талаптарына сай елдің сыртқы саясатын жүргізу, барлық мұсылмандармен бауырластық одақ құру және әлемдегі қаналушыларға қолдау көрсету» делінген.

Қазіргі уақытта ирандық идеологтар мен саясаткерлердің «ислам төңкерісін экспорттауды» жүзеге асырудың жолдары мен әдістері туралы көзқарасының елеулі түрде өзгеруі де көп нәрсені аңғартады. Бүгінде ресми ортада исламды экспорттау мәселесі айтылмайды. 1997-2005 жылдары Иран Президенті болған С.М. Хатамидің «исламдық азаматтық қоғам» және «өркениеттер келіссөзі» тұжырымдамаларын ұсынғаны белгілі. Сеид Мохаммад Хатами президенттік қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Өркениеттер арасындағы диалог қазіргі әлемдегі қажеттілік. Халықаралық жағдайды ұшықтыратын кез келген әрекеттен бас тартамыз. Біз тәуелсіздігімізді құрметтейтін әр мемлекетпен байланыс орнатамыз. Бірақ бізге өз көзқарасын қабылдатуға ұмтылатын державаларға қарсы шығамыз».

 

Библиографические ссылки

1. صحیفه نور، تهران،
2. Базаркулова Б.К. Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатындағы исламның орны /
Аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері: тарих және қазіргі кезең. Халықаралық ғылыми-
теориялық конференция материалдары. - Алматы, 2008.
3. Имам Хомейни. Последнне послание. Политико-религиозное завещание. - Тегеран, 1991.
4. Хуторская В.В. Взаимоотношения Исламской Республики Иран и стран Центральной Азии -
Иран: ислам и власть. - Москва.: ИВ РАН-Крафт, 2001 .
5. دیوان امام. تهران،چاپ هشتم .

Загрузки

Как цитировать

Хайдаров, Б. К. (2016). Аятолла Хомейнидің Ислам төңкерісін экспорттау туралы көзқарасы. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 41(3). извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/507

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений