Иран және аймақтағы ядролық қауіпсіздік

Авторы

  • К. Қ. Қожахметов
        51 33

Ключевые слова:

әлемдік қауіпсіздік, сутегі бомбалары, ядролық мәселе,

Аннотация

Мақала әлемдегі өте күрделі мәселелердің бірі болып табылатын әлемдік қауіпсіздік мәселесіне арналған.Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлем назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі.
Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын атасақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресей ресми мәліметтері жобалайды.КСРО-ның ядролық зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы шейіт болып, осы күндері 0,5 млн адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда. Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген, ойламаған хайуан
сияқтылары да кездесуде. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан жұрты неғұрлым жағдайда тұра алмайды. Ол қаруды жоюға біздің ел 1992 жылы қолындағы 1150 ядролық оқ тұмсықтан бас тартып, өзін ядролық қарусыз мемлекет деп жариялауы да әлемді толғатқан. Өйткені сол күш біздің елді дүние жүзіндегі 4-ші орынға шығарған болатын. Ал кейінгі он жылда Иран елінің ядролық бағдарламасы  халықаралық сахнада дау туғызып, аймақтағы тыныштыққа өз әсерін тигізуде.
Ол туралы, әсіресе АҚШ және Израиль тарапы дүркін-дүркін Иранды бомбалау керектігін «дәлелдеп» келді.

Иран атом қауқарын бейбіт істерге пайдалануына соншама дуылдатып жүрген АҚШ та, Израиль да өздерінің қолындағы ядролық қаруды жоюға, болмаса қысқартуға барғысы келмейді. Ақырға мәліметтерге қарасақ, АҚШ он мыңға жуық ядролық оқ тұмсықтарын сақтауда, олардың 5737 тұрақты түрде әскери дайындықта, алтауы шет елдерде (Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Нидерландия, Түркия, Германия) орналастырылған, Израильде 100-ге жуық, кей мәліметтерде 400 атом бомбасы
мен снарядтар шоғырланған.

Библиографические ссылки

1. Мировая экономика и международные отношения. - 2008. - №7. - С. 119.
2. Мировая экономика и международные отношения. - 2008. - №12. - С.56.
3. Егемен Қазақстан. 08.04.2009.
4. Newsweek. - 2007. - №27. - Р.25.
5. Казахстанкая правда. 21.03.2009
6. Известия. 04.02.2009.
7. Эхо планеты. - 2009. - №6. - С.9.
8. Эхо планеты. - 2007. - №2. - С. 6-7.

Загрузки

Как цитировать

Қожахметов, К. Қ. (2016). Иран және аймақтағы ядролық қауіпсіздік. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 41(3). извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/481

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений