Башар Асадтан кейінгі Сирия: жаңа соғыс немесе қайта жүктеу үшін мүмкіндік пе?
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202510914Аннотация
Башар Асад үкіметінің құлатылуы орталық билік пен оппозициялық күштер арасындағы көпжылдық азаматтық соғыспен қатар жүрген Сирия революциясының аяқталуын білдірді. Басқа да көптеген ішкі қарулы қақтығыстар жағдайында жиі кездесетіндей, Сирия дағдарысына белгілі бір деңгейде сыртқы ойыншылар араласты. Бұған қоса, бұл жерде Таяу Шығыс аймағының бастапқы геостратегиялық маңызы қосымша фактор болды. Соның нәтижесінде уақыт өте келе Сирия әлемдік және аймақтық державалардың мүдделері тоғысатын аймаққа айналды. Сондықтан бұл елде оппозицияның билікке келуі Таяу Шығыстағы геосаяси тепе-теңдікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Дегенмен, Асадтың биліктен кетуі қауіпсіздік жағдайының бірден өздігінен тұрақталуын білдірмейді. Ішкі қайшылықтардың ушығу қаупі бар, оның ішінде әртүрлі қауымдар арасындағы келіспеушіліктер, бұл өз кезегінде жаңа шиеленіс пен әскери эскалацияға әкелуі мүмкін. Мұндай ықтималдық Сириядағы мемлекеттік құрылыс перспективасын күмәнға айналдырады. Осы тұрғыда халықаралық акторлардың әрекеттері шешуші рөл атқарады.
Бұл зерттеудің мақсаты, бір жағынан, Асад режимінің тез құлдырауына ықпал еткен себептер мен факторларды анықтау. Сарапшылар қауымдастығы соңғы сәтке дейін оппозицияның әскери жеңісін ең ықтимал сценарийлердің бірі ретінде қарастырмаған болатын. Екінші жағынан, зерттеу негізгі сыртқы ойыншылардың рөлін және олардың Сирия дағдарысының жалпы динамикасына ықпалын талдауға бағытталған.
Түйін сөздер: Сирия, азамат соғысы, Асад, үкіметті құлату, Хаят Тахрир әл-Шам, Сирия революциясы
