Коммуникативтік біліктілік ұғымы және оның негізгі құрамдас бөліктері
Аңдатпа
Бұл мақалада «қарым-қатынас», «мәдениетаралық қарым-қатынас», «коммуникативтік біліктілік» секілді ұғымдарға белгілі тіл мамандарының берген анықтамалары мен ой-тұжырымдарына шолу жасалып, қазақ және француз тілдеріндегі қарым-қатынас барысындағы тілдік және ұлттық мәдени ерекшеліктер салыстырмалы түрде зерттеледі және коммуникативтік біліктіліктің құрамдас бөліктеріне сараптама жасалады. «Қарым-қатынас» дүниежүзінің барша халқына ортақ сөз және ол латынның «communico», яғни «жалпылама істеймін, байланыстырамын, қарым-қатынаста боламын» деген мағынаны білдіретін сөз тіркесінен шыққан. Шет тілін меңгеру лингвистикалық және коммуникативтік көзқараста, «құзыреттілік» және «орындау» негізгі
мәселесі болып табылады. Хомскийдің тіл білу дегені оның тілдік құзыреттілік пен лингвистикалық
көрсеткіштер арасындағы айырмашылығынан көрінеді. Хомскийдің аспектілері бойынша: «Қарым-
қатынас – адамдар арасында ақпаратты берудің әр алуан әдістері, осы тәсілдердің көмегімен
адамдар бір-біріне қатынасын құрып, бір-біріне деген сезімін түсіндіреді» дейді. Коммуникативті
құзыреттілік лингвистиканың синтаксисі, морфологиясы, фонологиясы және т.б. сияқты тілдік
грамматикалық білімдеріне, сондай-ақ сөздерді қалай және қашан қолдану керектігіне қатысты
әлеуметтік білімдерге қатысты айтылған. Мәдениетаралық қарым-қатынас терминінің пайда
болуы ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары жарық көрген оқулығымен байланысты. 1966 жылы
Dell Hymes жылдары негізгі нысанасы екі немесе бірнеше ұлт өкілдерінің қарым-қатынас жасау
барысында кездесетін коммуникативтік сәтсіздіктер мен түсініспеушіліктер болып табылатын
ізденіс жұмыстары дами бастады. Dell Hymes ұсынған тәсіл этнографиялық байланыс ретінде
белгіленді. Қарым-қатынас туралы қазіргі кезде танымал концепциялардың барлығын алпысыншы
жылдары құрамына әр түрлі ғылым саласында жұмыс істейтін зерттеушілер: психиатрлар
Ватрлауиск, Жаксон және антропологтар Батсон, Бирдуисмел, Э. Гофман, И. Винкин кіретін
американдық Пало Алто мектебінің өкілдері ұсынған. Ғалымдардың пікірінше, қарым-қатынас
вербалдық және вербалдық емес әрекеттерді қамтиды.
Түйін сөздер: қарым-қатынас, мәдениетаралық қарым-қатынас, коммуникативтік біліктілік,
лингвистикалық, дискурсивтік, прагматикалық (практикалық), әлеуметтіклингвистикалық,
стратегиялық және ой біліктіліктері.
