Сaндық мaркетингтің тұтынушылaрдың мінез-құлқынa әсері
Аңдатпа
Интернационализация және жаһандану жағдайында әлемдік бизнестің ортасы ақпараттық технологиялар және сандық медиа әсерінен өте жылдам өзгеріп келеді. Осыған байланысты қазіргі таңда Интернетте бизнесті қалай жүргізу керектігін түсіну бизнестің ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар бизнестің өзін дамытудың үздік тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, тұтынушылар сондай-ақ өнімдер мен қызметтерді әлдеқайда кең таңдау мүмкіндігіне ие болады. Клиенттермен берік байланыс пен қатынастарды құру көзқарасынан, маркетологтар алдымен олардың клиенттері кім болып келеді екенін танып білу міндетті. Жалпы және тұтас алғанда, қандай болса да түріндегі цифралық маркетинг тұтынушылардың мінез-құлығына жағымды әсерін тигізетіні күмәнсіз. Демек, сандық революция және Интернет ұйымдар мен бәсекелестер үшін қауіптерді көбейтеді. Осы мақалада маркетингтік қызметте Интернет пен сандық техологияларды қолдануына байланысты неғұрлым тиімді менеджменттің мәселелері қарастырылады. Сандық маркетингтік үдерістер «Alibaba Group» компаниясының тиімділгі мен жаһанды іс-әрекетін талдау негізінде қарастырылады.
Түйін сөздер: сандық маркетинг, тұтынушының мінез-құлқы, дәстүрлі маркетинг, SMEs
(шағын және орта бизнес), халықаралық бизнес, жергілікті бизнес, клиенттердің күтуі, когнитивті
модельдер, Alibaba Group.
