Қазақстанның жаһандану жағдайында азық-түлік өнеркәсібінің әртараптандыруы

Авторлар

  • М. Чемирбаева

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасында өнеркәсіп маңызды рөл атқарады. Өндірістік өнеркәсіптің меншікті салмағы Ішкі Жалпы Өнімнің 30% құрайды. Қазақстанның өнеркәсіптік мекемелерінде экономика саласында еңбек ететін барлық xалықтың 20%  жұмыс  жасайды.  Әрбір өнеркәсіп орны өз шикізатымен  қамтамасыз  етілген,  бұл  олардың  дамуына  үлкен септігін тигізеді. Тамақ өнеркәсібі  ҚР-дың  экономикасында  ең  маңызды  рөлдің  бірін атқарады. ҚР-дың статистика бойынша Комитетінің 2017 жылдың есептері бойынша бұл өнеркәсіп барлық өндірістік өнеркәсіптің 7%, ал өңдеу өнеркәсібінің 19,8% құрайды. Қазақстанның тамақ өнеркәсібі еліміздің экономикасының ең серпінді  сегменттерінің  бірі  болып табылады. Бұл өнеркәсіптің алға  тартар  салаларына  бидай  өңдеу,  сүт  өнімдерін  шығару, нан, ет өңдеу, көкөністер өсіру,  май  өңдеу  мекемелері  жатады.  Ішкі  өнімдерден  басқа республикамызда шеттен әкелінген азық-түлікке де сұраныс  болуда.  Бұл  сәйкес  сегменттің болашақта импорталмастырушы кәсіп ретінде дамуын алдын ала болжай алады. ҚР-дың тамақ өнеркәсібінің дамуында маңызды рөлді мемлекет басшылары да атқарады. Осылайша, қазақстандық басшылар жағынан ұлттық өнімдерге қолдау ретінде көптеген масшабты жобалар іске асырылып жатыр. Ең маңыздылары – субсидияландыру, корпоративтік қарыздың ставкалық пайызын төмендету, негізгі қорды алуға қолдау көрсету. Бизнеске қолдау көрсетуді жүзеге асыру кезінде мемлекет тарапынан бірнеше триллион теңге қаржы бөлінеді   деп күтілуде. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсіп орындарының және мемлекеттің қаржы жағынан өзара әрекеттесуіне қолдау көрсету үшін салық туралы заңдарда да біраз өзгерістер күтілуде.

Бұл мақалада Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібін талдайды, осы саланың негізгі мәселелерін қарастырады және жаһандану жағдайында тамақ өнеркәсібінің тиімділігін арттыру жолдарын ұсынады.

Түйін сөздер: азық-түлік өнеркәсібі, кәсіпорындар, жаһандану, экспорт, импорт, азық-түлік.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономика және Қазақстан экономикасы мәселелері