Қоғамдық дипломатияның кейбір теориялық аспектілері
Аңдатпа
Жаңа геосаяси жағдай, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дипломатияның міндеттерін күрделендіре отырып, халықаралық қатынастардың құрылымын өзгертуде. Бүгінгі таңда елдің әлемдік қауымдастықпен қабылдануын қалыптастыру үшін оның саяси, экономикалық немесе демографиялық сипаттамаларын есепке алу жеткіліксіз. Имидж мемлекетті жалпы бағалаудағы ең маңызды аспектілерінің біріне айналуда. Бұл факт халықаралық қатынастардағы қоғамдық дипломатияның өзекті рөлін түсіндіріп отыр. Қоғамдық дипломатия бүгін сыртқы саясаттың тиімді құралына айналды және әлемде кең таралған. Қазіргі халықаралық қатынастарда қоғамдық дипломатия дипломатиялық механизм және халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасу жағдайында сыртқы саясат міндеттерін іске асыру үшін бүкіл мемлекеттермен танылатын қосымша мүмкіндік ретінде әрекет етеді. Мақала авторлары қоғамдық дипломатияны зерттеуде негізгі теориялар мен концептуалды тәсілдерді сараптайды: «жұмсақ күш» тұжырымдамасы, конструктивизм, стратегиялық коммуникация және брендинг. Сонымен қатар, мақала авторлары бұл теориялар мен тұжырымдамалардың қоғамдық дипломатия шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес акторлардың қызметіне назар аударатынын атап көрсетеді. Берілген мақала әлемдік саясат пен дипломатияның теориялық мәселелерімен айналысатын халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға арналған.
Түйін сөздер: қоғамдық дипломатия, халықаралық қатынастар, теория, тұжырымдама, жұмсақ күш, конструктивизм, стратегиялық коммуникация, брендинг.
