Ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесі
Кілт сөздер:
ядролық қарудан азат аймақ, ядролық таратпау, ядролық қаруды таратпау туралы шарт,Аңдатпа
Бұл мақалада ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасалған. Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі, Антарктидадағы ядролық қарудан азат аймақтардың (ЯҚАА) өңірлік ерекшеліктері және келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер көрсетілген. Аталмыш аймақтардағы ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы олардың орналасу жеріне байланысты маңыздылығы атап өтілді. Ядролық қаруды таратпау мен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЯҚАА құру үдерісінің тарихи маңызы көрсетілген. Аталған аймақтар қалыптасуының халықаралық тәжірибесі сипатталып, әлемнің әртүрлі аймақтарында ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шарттармен рәсімделуі талданған. Автор, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/58
