Ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесі
Ключевые слова:
ядролық қарудан азат аймақ, ядролық таратпау, ядролық қаруды таратпау туралы шарт,Аннотация
Бұл мақалада ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасалған. Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі, Антарктидадағы ядролық қарудан азат аймақтардың (ЯҚАА) өңірлік ерекшеліктері және келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер көрсетілген. Аталмыш аймақтардағы ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы олардың орналасу жеріне байланысты маңыздылығы атап өтілді. Ядролық қаруды таратпау мен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЯҚАА құру үдерісінің тарихи маңызы көрсетілген. Аталған аймақтар қалыптасуының халықаралық тәжірибесі сипатталып, әлемнің әртүрлі аймақтарында ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шарттармен рәсімделуі талданған. Автор, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесі. (2016). International Relations and International Law Journal, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/58
