Сандық технологияларға инвестицияларды тарту

Авторлар

  • А. М. Myrzakhmetova
  • Zh. Dosmatova

Кілт сөздер:

тікелей шетел инвестициялары, сандық технологиялар, ақпараттық технологиялар, Қазақстан Республикасы, экономика,

Аңдатпа

Бұл мақала сандық технологиядағы инвестицияларға арналған. Себебі, қазіргі уақытта экономика екпіндеп мүмкіндікті әлемді қамтуда және ғаламдық сауданың 14%-ы желі арқылы жүргізілуде. Бизнес сандық түрде жүргізіледі, ал технология тұтынушы құндылығы мен табыстың негізін туғызды. Сандық әлемде жетістік әсіресе ақпараттық технологияның тиімділігі мен осы саланың басымдылығымен анықталады. Сандық әлемдегі табысты мемлекеттер технологиялар мен байланыс тәсілдерін жаңартуды алдына мақсат етіп қояды, ол үшін инвестиция бөлуді одан әрі көбейтіп жатқаны мақаладағы басты назар болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегияны дамыту, отандық ақпараттық технологияны жетілдіретін мекемелер құру арқылы, Қазақстан Республикасы да басқа мемлекеттер сияқты сандық технологияларға инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөлуде. Мақалада Қазақстан экономикасының технологиялық салаларына инвестицияны тартуға арналған жобалар: теледидардың жаңа буынының дамуы, телебайланыс пен ұялы байланыс нарығының дамуы, сандық маркетингтің дамуы жайлы айтылады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағыны экономика өзгерісіне де, технологиялық дамуға да, валюта тұрактылығына да пайдалы. Бұл технологиялық салалардың дамуы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдраға арналған ақпараттық және байланыс технологияның дамуы бағдарламасы арқылы іске асырылуда. Мақалада қазіргі дүние жузінде ақпараттық технологияларға арналған әртүрлі конференциялар өтіліп жатқаны айтылады. Оған мысал Түркияда өткен – Webit Congress 2013 форумы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений